№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Латын қарпі: жаңа нұсқаның артықшылығы неде?

Латын қарпі: жаңа нұсқаның артықшылығы неде?


Латын әліпбиіне көшу турасындағы пікірталасқа 30 жылдан асты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын графикасына көшудің маңызын дейектеп, екі ұшты пікірлер тоғысының нүктесін қойды. Содан бері латын әліпбиінің бірнеше нұсқасы ұсынылып, қызу талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарға ұлттық танымға тиімді, қазақ тілінің дыбыстық ауқымын ашатын алфавит дайындауды тапсырды. Жақында Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақ тілін латын графикасына көшіру жөнінде ұлттық коммисия отырысын өткізіп, қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылады.


Жаңа әліпбидің басты ерекшелігі қазақ тілінің жазу дәстүріндегі «бір дыбыс – бір әріп» қағидасына сәйкес келеді. Үндестік заңы мен тіл ерекшелігі толық сақталады. Жетілдірілген әліпбиде 31 әріп бар. Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған. Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут ( ̈ ), макрон (ˉ), седиль ( ̧ ), бревис ( ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған. Әрі пернетақтада орналастыру да оңай. Бұл туралы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Ізәтілла Нәрзілдаев:
–Ел дамуының ілкімді істерін тіл дамуынан да аңғарылады. Экономикасы ілгері дамыған елдерде латын қарпі қолданылады. Осы себепті латын қарпі экономикалық дамудың жаңа тегіне айналды. Біз де дамыған отыз елдің көшіне ілесу үшін осы қаріпті меңгеріп, жазу дағдысын қалыптастуымыз қажет. Бұл әсіресе, тіл заңдылығымызды сақтауға ықпал етпек, – дейді тіл жанашыры.
Жаңа әліпбиге кешу кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Нақтырақ айтсақ, 2023 жылдан бастап 2031 жылға дейін көшу жоспарланды.
Елдегі азаматтардың 90 пайызы тегін оқытылатын болады. Осы туралы ойын жеткізген №239 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Қалима Жұмабаева:
–Жаңа әліпбиді меңгеру еш қиынға соқпайды. Қайта көптеген қиындықтан арылып, дыбысталуы қалай болса, дәл солай жазатын боламыз. Бұл үндестік заңын, сингорманизмдік ерекшеліктерді жең­іл­детпек, – деді.
Жаңақорғандағы өзге ұлт өкілдерінің балалары қазақ тілінде оқытылатын балабақшаларда тәрбиеленуде. Мұнда әрбір бала қазақ тілін жақсы меңгерген. Мұны түрік ұлтының өкілі Макида Ахмедова мақтанышпен жеткізді.
–Түбі бір түркі ұлттарының ынтымағы, бірлігі нығая түспек. Себебі, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан секілді елдерде бұрыннан латын қарпін қолданады. Міне, ендігі кезекте қазақ тілі де латын әліпбиіне ауысса, бауырластық артпақ. Қазақ тілін мемлекеттік мәртебесі биіктей түсіп, дамудың даңғыл жолына жетелемек, – дейді жерлесіміз.
Түрлі этностардың тіл меңгерудегі мәселесін оңай шешуге, тіл біркелкілігін қалыптастырудағы бас­та­маны қолдаушылар қатары көп. «Тіл бірлігі- ел бірлігі» дейтін елдің жүйелі жоспары дайын. Тәуелсіздік алған жылары 37 пайыз мемлекеттік тілді білсе, қазіргі таңда 83 пайыз қазақ тілін меңгерген. Бұл да латын қарпіне көшуге оң ықпалын берері сөзсіз.
Ойдан ой туады. Келешегіміз кемел болуы үшін тарихи кезеңге аттанғалы тұрмыз. Балабақшаға барған бүлдіршіндеріміз алғаш рет латын графикасында әріп танымақ. Мұндайда мұғалім мен ата-анаға психологиялық дайындық қажет екені даусыз. Сын сағаты соққанда сабырлылық танытып, елдігімізді көрсеткеніміз абзал. Себебі, бұл ұрпақ үшін қажет!

Мақпал МАРҚАБАЙ
10 ақпан 2021 ж. 674 0