№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2021 жылы МӘМС үшін кімге және қанша төлеу керек?

2021 жылы МӘМС үшін кімге және қанша төлеу керек?

  Сақтандыру мәртебеңізді ыңғайлы түрде тексеріңіз:
Әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қорының fms.kz сайты (оң жақ төменгі бұрыштағы қалқымалы терезе)
Электрондық үкіметтің egov.kz веб-сайты (жеке кабинетте және «денсаулық сақтау» бөлімінде)


Telegram-дағы SaqtandyryBot («Сақ­тан­дыру мәртебесін анықтау» бас­ты мәзірінде)
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы («Сақтандыру мәртебесін анықтау» басты мәзірінде)
Міндетті медициналық сақтандыру үшін қанша төлеу керек?
Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз, төлеуші санатына қарай МӘМС-ға ай сайынғы төлем мөлшерін анықтаңыз:
Азаматтардың 15 жеңілдікті санаты-жарналарды мемлекет төлейді
Жалдамалы жұмыскер – төлемді жұмыс берушінің бухгалтерия бөлімі жарналарды есептеу объектісінің 2%-ы (салыстыру үшін, 2020 жылы 1%) және еңбекақы төлеу қорының 2%-ы мөлшерінде жүргізеді
Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының иелері, жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалар – 1,4 ең төменгі жалақының 5%-ы (ең төменгі жалақы 2021 ж. 42 500 теңгені құрайды, сондықтан төлем мөлшері өзгеріссіз қалады – 2 975 теңге)
Өзін – өзі жұмыспен қамтығандар (жалдамалы қызметкерлерсіз және ЖК тіркеусіз қызмет көрсететін тұлғалар)/ Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер – республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1 АЕК (01.01.2021 ж.- 2917 теңге), басқа елді мекендер үшін – 0,5 АЕК (01.01.2021 ж. - 1458,5 теңге)
Дербес төлеуші – 1 ең төменгі жалақыдан 5% (2021 жылы ЕТЖ мөлшері өзгермегендіктен 2125 теңге).
АҚС шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар – табыстан 2% (2020 жылы 1% ұсталды), бұл ретте ең жоғары мүмкін төлем 8500 теңге яғни 10 ең төменгі жалақыдан 2%, 425000 x 2% = 8500).
МӘМС үшін қайда төлеу керек?
Сіз жарналарды төлеп, сақтандырыла аласыз:
– Екінші деңгейдегі банктер және олардың интернет-сервистері;
– Kaspi.kz мобильді қосымшасы;
– «Қазпочта» АҚ филиалдары;
– төлем терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.)
– медициналық ұйымдарда жедел төлем үшін терминалдар.

Айгүл АХАНОВА
09 қаңтар 2021 ж. 628 0