Байғазыны ұмытпайық
Өзгенің қуанышына ортақ болып, өз шаттығын өзгемен бөлісу, жақсылығына бірге қуану тек қазақтың қолынан келетін шығар. Әсіресе, балалардың қуанышы ерекше. Біреу жаңа бір зат алса, біреу бір жаңа бұйым берсе, соған қуанып қасындағыларға көрсетіп жатады. Кішілері үлкендерге еркелеп көрімдік сұрайды немесе үлкендері қуанышын еселетіп үстіне сыйлық ұсынады.
Менің өзім кішкене кезімде «байғазы» деген сөзді естіп өскем. Өкінішке қарай, бұл сөз есейе келе сирек айтылатын болған ба, естімей кеттім. Бірақ ештеңе де бұрынғыдан аса өзгермей, алған затын көрсететін де, біреудің қуанышын еселейтін де адамдар бар, бұл салт жоғалып кете қойған жоқ. Онда неге «байғазы» сөзі сирек айтылады? Себебін енді түсінген сияқтымын, сұрақтың жауабын «Күретамыр» (З.Ахметова) кітабынан таптым.
Құлағыма сіңісті болған «байғазы» сөзін көрімдік басып кеткенін сол кітап арқылы білдім. Анығында, байғазы жаңа бұйымға, жаңа киімге, яғни жансыз нәрсеге берілсе, көрімдік дегеніміз – жаңа түскен келінге, шаңыраққа алғаш келген балаға, жаңа туған ботаға, т.б. берілетін тарту-таралғы. Көрімдік ығыстырып тастаған «байғазы» сөзін ұмытпайық. Ал қазақтың мұндай салттарында мейірім, жанашырлық, татулық, береке мен ынтымақ бар.
Төлеуғали Есетұлы парақшасынан.