№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Туберкулезді алдын алу маңызды

Туберкулезді алдын алу маңызды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2020 жылғы 27 қазандағы №521 бұйрығы бойынша 29 қазан – 29 қараша аралығында "COVID-19" індеті жағдайында туберкулездің алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында «Туберкулезді тоқтатайық!» ұранымен айлық жарияланған болатын. Осыған сәйкес, "ТУБЕРКУЛЕЗДІ ТОҚТАТАЙЫҚ!" айлық шарасы аясында 2020 жылдың 4 қарашасы күні Жаңақорған ауданаралық ауруханасының дәрігер-фтизиатры Сапарова Жанет Шәрбекқызы жалпы тәжірибелік дәрігерлік аймақ қызметкерлері арасында «Коронавирус инфекциясының індеті кезінде туберкулезді анықтаудың диагностикалық алгоритмі» тақырыбында семинар сабақ өткізді.
Семинар барысында туберкулезді ерте анықтау үшін қауіп топтағыларды флюорографиялық скринингпен 100 пайыз қамту, 14 жасқа дейінгі балаларды Манту сынамасымен және 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді 100 пайыз флюорографиялық тексеруден өткізу, туберкулезге қарсы емді бейнебақылау және мобильді топ қызметкерлері арқылы жүргізу, туберкулез науқастарына тұрақты түрде психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша кеңінен баяндалды.
05 қараша 2020 ж. 380 0