Қызылордалықтардың сауаттылық деңгейі 80,1%
Халық өмірін жеңілдетуде цифрлық қызмет көрсетудің орны бөлек. Сервистік қызметтер мен сауда саттықты онлайн форматта алу тұрғындардың уақыт шығынын азайтуға жол ашады. Бұл ретте «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, кешенді жобалар жүзеге асуда.
Қызылорда облысында цифрлық сауаттылыққа оқыту курстары ақысыз негізде оқытылады. Өткен жылдары оқыту мектептер, колледждер және кітапханалар базасында жүргізілген. Сондай-ақ, ХҚКО мен Қазпошта қызметкерлері электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу және электрондық сауда дағдылары бойынша оқыту курстарын өткізді. Өткен жылы, 26270 адам оқытудан өткізілсе, пандемия жағдайына сәйкес оқыту онлайн форматқа ауысқан. Карантин уақытынан бері digitalkz.kz сайты арқылы онлайн бағытта 15026 адам оқудан өтті.