» » Ерікті көмекшілер

Ерікті көмекшілер

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҰҰ Қазақстандағы даму бағдарламасымен бірлесіп «Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру» жобасы аясында мемлекеттік қызметтерді цифрлық нысанда пайдалану дағдыларына еріктілерді оқыту бойынша практикалық жұмыс ұйымдастыруда.
Аталған жобаға сәйкес Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті де еріктілермен өз жұмысын бастап кетті. Осы мақсатта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандарымен бірлесіп аймағымыздағы ниет білдірген еріктілермен кездесу өтті.
Кездесу барысында ХҚКО мамандары орталықтың қызметімен қысқаша таныстырып өтіп, оларға азаматтарға мемлекеттік қызметтерді сандық форматта пайдалану рәсімдерін түсіндірді.
Алдағы уақытта тренингтен өткен жоба қатысушылары өз аймақтарында азаматтарды цифрлық қызметтермен пайдалануды қашықтықтан (карантин және одан кейінгі уақытта) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аймақтық филиалдары арқылы пайдалануға үйрететін болады.

ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
04 маусым 2020 ж. 104 0