Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оқушыдан короновирус анықталды

Оқушыдан короновирус анықталды

Бұл туралы онлайн баспасөз қызметінде Павлодар облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев мәлім етті.
"3 қазан күні Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде 2-сынып оқушысынан КВИ анықталды. Ол соңғы рет 30 қыркүйек күні сабаққа барған. Дәрігерлерге өзі жүгінді. Ол баламен 17 адам байланыста болған. Оның ішінде сыныптағы 14 оқушы бар. Қалғаны – сабақ берген мұғалімдері. Қазір бәрі тексерілуде. Байланыста болғандар үй карантинінде. Аталған сынып қашықтықтан оқуға ауысты", деді Батырбек Әлиев.
Оқу жылы басталғаннан бері өңірде 12 оқушыдан коронавирус анықталған. Шарбақты ауданында – 5, Ақсуда – 1, Павлодар қаласында – 6 оқушы індетті жұқтырған.
"Облысымызда 356 мектеп бар. 110 мектеп мониторинг бойынша тексерілді. 2 мектеп талаптарды бұзған. Қалған мектептерге тексерілу жүргізілуде", деді департамент басшысы.
Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Арыстанова өңірдегі барлық ауруханалардың індеттің 2-толқынына дайындығы тексеріліп жатқанын атап өтті.
"Бүгінде облысымызда 210 өкпені жасанды желдету құрылғысы бар. Тағы 142 құрылғыны сатып алудамыз. Жалпы бұндай 352 құрылғы болады. Наурыз айында бұдан 2 есе аз болған еді. Сондай-ақ 535 оттегі беретін, 749 оттегі концентраты бар. Қазіргі уақытта 1334 төсекті оттекпен қамту жоспарланған. Індеттің 2-толқынына дайындық барысында 166 мобильді топтар жасақталды. Топ құрамына қажетті мамандар кіреді", деді Сәуле Арыстанова.
Басқарма басшысының айтуынша, Павлодарда бой көтеріп жатқан жылдам әрекет етуге арналған жаңа модульді инфекциялық госпиталь қараша-желтоқсан айларында дайын болуы тиіс.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Павлодар облысында 3955 адамнан коронавирус анықталған. 3777 адам індеттен жазылып шықты. Бүгінде 282 адам стационарларда жатыр. 12 адамнан нақты коронавирус анықталса, 229 адам күдікпен жатқызылған. Ал, 41 адам тыныс алу органдарындағы ауруға қатысты жатыр.

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/251343-pavlodar-oblysynda-taghy-bir-mektep-oqushysynan-koronavirus-anyqtaldy
© egemen.kz
07 қазан 2020 ж. 519 0