Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 23

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » БИЛЕР КЕҢЕСІ – ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

БИЛЕР КЕҢЕСІ – ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ


Жаңақорған аудандық сотының бастамасымен «Билер кеңесінің» жұмысын жандандыру мақсатында Жаңақорған ауданы әкімдігінің мәжіліс залында іс шара өткізілді.


Іс шараға Қызылорда облыстық «Билер кеңесінің» төрағасы З.Нұрсейтов, «Билер кеңесінің» мүшесі Ғ.Шыңғысова, аудан әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаев, Жаңақорған аудандық сотының төрағасы А.Түбекбаева, судья И.Тұңғышбаев, Жаңақорған ауданы бойынша Билер кеңесінің мүшелері А.Баймуратов, Р.Назарова, Е.Мұсаев, А.Утенбаев, С.Мұсабаев, аудан бойынша заң кеңес беру бөлімінің адвокаты Қ.Төлепбергенов, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы Ж.Дюсенбаева және жергілікті «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаев, Қазақстан Қызылорда облыстық телеканалының тілшілері, сондай-ақ 26 ауылдық округтің «Билер кеңесінің» мүшелері «Zoom» байланыс жүйесі арқылы онлайн режимде қатысты.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаев ашып, Қазақ сөз құдыретін ежелден бағалаған халық. Оған бидiң басты қаруы – сөз екендігі, ал, сөзге тоқтамау – ең ауыр қылмыс саналғаны дәлел. Бұл қазақ халқының басты артықшылығы екені анық. Себебі, қазақ билері бейбіт шешім, бітімгерлік рәсімін өткір тіл, әділ сөз құдыретімен тоқтатқан. Құн, жер, жесір дауы, барымта, қарымта даулары да шешен сөз, ұтқыр ой, парасатты пайыммен бейбіт түрде шешілген. Ханға да, қараға да бұра тартпай, шағымданушыларды би кесіміне бас идіре білген. Қазіргі таңда «Билер кеңесін» ұлттық құндылықтар ретінде танып, халық арасында кеңінен насихаттау қажеттілігін айтып өтті.
Қызылорда облыстық «Билер кеңесінің» төрағасы З.Нұрсейтов өз сөзінде Би – қазақтың ұғымында тек дәстүрлі құқықты қолданушы ғана емес, ақылгөй данышпан, көреген көсем, көңіл шырағы қиядағыны шалатын, ойы орамды, сөзі шалымды көреген де көріпкел дана. Салмақты сөздің сандығы, от ауызды, орақ тілді, ойы ұшқыр, өткір сөз зергері. Өлшеп пішіп, екшеп шешетін – әділдік таразысы. Бәрін де татуластыра алатын бітімгер. Айта берсе бидің бойына сыймайтын қасиет жоқ еді. Билеріміз сөз құдіретін тиімді пайдаланып, шешімдер шығарғанда мүдделі тұлғалардың ғана емес, оған қатысушы жұртқа да тәрбиелік мәні зор, көпшіліктің көкейінен шығатын аталы сөздерді айтып, олардың сана-сезімі мен мінез-құлқына сіңіруін, іс-әрекетінде қолдану жолдарын қарастырған. Сондай-ақ өздеріңіз білетіндей, елімізде қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендетіп және дауларды келісім арқылы тиімді шешу шараларын жолға қою бағытында түрлі шаралар жүргізіліп жатқанын және қоғамдағы дауды сотқа дейін шешу мен азайтуды мақсат ететінін айтып өтті.
Сот төрағасы А.Түбекбаева көшпелі қазақ қоғамының билер соты тарих қойнауында қалса да, оның беделі мен мәртебесі бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отырғанын, ұлттық тарихымыздағы асыл қазыналарымызды зерттеу, оның шынайы нәтижелерін жарыққа шығару қай ұрпақ үшін де жоғары міндет болып саналатынын, қазіргі қоғамда билер кеңесі азаматтық дау-дамайларды шешіп, істі сотқа дейін жеткізбей әрекет ете алатынын айтып өтті. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүргізіліп жатқан «Татуласу, сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы аясында татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану өз септігін тигізіп отырғанын атап өтіп, аудандық соттың өндірісіндегі татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы аяқталған істердің мәліметімен бөлісті.
Іс шарада сөз алған Жаңақорған ауданы бойынша Билер кеңесінің мүшесі Р.Назарова ауданымызда «Билер кеңесі» тұрақты түрде бекітілген ережеге сай жұмыс жасап жатқанын және құқық бұзушылықтардың алдын алу, даулар мен жанжалдарды бейбіт жолмен реттеу, қоғамдық сананы жаңғырту, мәдениеттілікті арттыру сот және атқарушы органдарына құқық қорғау орындарына көмек көрсетіліп жатқандары жайлы атап айтты.
Сонымен қатар, «Билер кеңесінің» мүшелері дауларды сотқа дейін татуластыру рәсімдері арқылы шешілуіне барынша ат салысатынын, халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп және жастарға отбасын сақтап қалу мен бала тәрбиесі жөнінде өмірлік ақыл-кеңестерін беріп жатқандарын сөз етіп, бұл бағыттағы жұмыстар жандандырылып жалғасын табатынын айтты.
Шара соңында қатысушылар «Билер кеңесі» жұмысының ұйымдастырылуына қатысты мәселелерін талқылап, өз ұсыныс пікірлерін білдірді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
01 қазан 2020 ж. 452 0