№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ата Заңға 25 жыл

Ата Заңға 25 жыл


Ата Заң-бұл әркімнің жүрегінде тұруы тиіс, құрмет жасап бас иіуіне міндетті, құрмет жасап қастерлеуге лайықты тәуелсіз мемлекеттің басты құжаты. Ата Заң әрбіріміздің бостандығымыз, еркіндігіміз, адами құндылығымызды анықтайтын асыл кітап.Міне, сол бабалар армандаған егемендіктің басты құжаты Ата Заңымызға биыл 25 жыл толып отыр.Осы жылдар арасында қанша жұмыстар атқарылды.Елімізді,халықымызды құқықты болмысында әлемге танытып келеді.


Жалпы «Конститутция»-латын тілінен аударғанда «құрылыс» деген мағынаны береді.Яғни, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы.Кез келген мемлекеттің,елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат-Конституциясы сол елдің құрылысы.Құрылысы сапалы болған ғимарат қандай мықты болса, Ата заңы биік елдің тұғыры да мықты болмақ.
Біздің қазіргі Конституциямыз 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.Бұл күн «ҚР Конститутция күні» болып мерекеленеді.Сол жылдан бері 1998 және 2007 жылдары Конститутцияға өзгерістермен толықтырулар енгізілді.Жаңа Ата Заң кіріспе сөзден, 9 бөлім мен 98 баптан тұрады.Бүгінгі таңда ҚР Конститутциясы-ширек ғасырлық тарихы тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының құқығы мен тыныштығын қорғаушы басты құрал болып табылады.
Ал, ең бірінші қазақ елінің Конституциясы 1926 жылы қабылдаған болатын.Алайда, ол тәуелсіз қазақ елінің емес, Қазақ АКСР-нің Конститутциясы еді.Қазақстанның алғашқы Конститутциясы, КСРО құрылғаннан кейін, 1925жылы РКФСР Конститутциясын есепке ала отырып, Қазақ АКСР-і ОАК-нің 1926жылғы 18 ақпанындағы Қаулысымен қабылданды.Одан соң 1978 жылғы Қазақ КСР Конститутциясы, 1993 жылғы Қазақстан Республикасына Конститутциясына үлкен өзгерістер енді.Барлық өзгерістер ел құқығы, болашақ үшін жасалды.Ал қазіргі Ата Заңымыз барлығынан биік, таң нұрынан жаралғандай жарқын.Көк аспанға ұмтылған ұлы ел Ата Заңының ең алғашқы баспалдағы, 25 жылдық мерей тойы елге құт әкеле берсін.

Жаңақорған аудандық соты.
28 тамыз 2020 ж. 1 239 0