№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПОЙЫЗ: кейбір бағыттағы жолаушы пойызының кестесі өзгерді

ПОЙЫЗ: кейбір бағыттағы жолаушы пойызының кестесі өзгерді

Қолайсыз эпидемиялық жағдайдың жалғасуына және енгізілген карантиндік шараларға, сондай-ақ жолаушылар пойыздарындағы жолаушылар ағыны мен толу деңгейінің төмендеуіне байланысты, "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша жолаушылар пойыздары қозғалысының қолданыстағы кестесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kzсайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы" газеті.

Төмендегі жолаушылар пойыздарының жүруі уақытша тоқтатылады: 1) 2020ж. 9 тамыздан бастап Нұр-Сұлтаннан және 2020ж. 10 тамыздан бастап Достықтан жөнелтілетін № 258/257 "Нұр-Сұлтан-1-Достық" пойызы; 2) 2020ж. 12 тамыздан бастап Алматыдан және 2020ж. 13 тамыздан бастап Шымкенттен жөнелтілетін №25/26 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы; 3) 2020ж. 11 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолдан және 2020ж. 12 тамыздан Алматыдан жөнелтілетін №4/3 "Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Алматы-2" пойызы.  Бұл ретте аталған пойыздың рейстері келесі күндер бойынша тоқтатылады: Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан 2020ж. 4, 6, 8 және 10 тамыз күндері, Алматы-2 ден  2020ж. 5, 7, 9 және 11 тамыз күндері. Келесі жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі уақытша қысқартылады: 1) №1/2 "Алматы-2 – Шымкент" бағытындағы пойыз аптасына 3 реттен 1 ретке дейін, жөнелтілуі Алматыдан 2020ж. 12 тамыздан бастап (сәрсенбі күндері сақталады), Шымкенттен 2020ж. 13 тамыздан бастап (бейсенбі күндері сақталады); 2) №10/9 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-1"  бағытындағы пойыз күн сайынғы кестеден күнара, жөнелтілуі  Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан 2020ж. 10 тамыздан бастап (жұп күндері сақталады), Алматыдан 2020ж. 11 тамыздан бастап (тақ күндері сақталады); 3) №11/12 "Алматы-2 – Шымкент" бағытындағы пойыз аптасына 4 реттен 2 ретке дейін, жөнелтілуі  Алматыдан 2020ж. 14 тамыздан бастап (жұма және жексенбі күндері сақталады), Шымкенттен 2020ж. 15 тамыздан бастап (сенбі және дүйсенбі күндері сақталады). Бұл ретте, аталмыш пойыз 2020ж. 13 тамызда Алматыдан жөнелтілуі тоқтатылды; 4) № 603/604 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Арқалық" бағытындағы пойыз күн сайынғы кестеден 4 күнде 1 рет, жөнелтілуі  2020ж. 11 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан (тақ күндері сақталады), Арқалықтан 2020ж. 12 тамыздан бастап (жұп күндері сақталады); 5) № 67/68 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Өскемен-1" бағытындағы пойыз күн сайынғы кестеден 4 күнде 1 рет, жөнелтілуі Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан 2020ж. 12 тамыздан бастап, Өскеменнен 2020 жылғы 13 тамыздан бастап. Бұл ретте, аталмыш пойыз 2020ж. 3, 5, 7, 9, және 11 тамыз күндері Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан жөнелтілуі тоқтатылады; 6) № 31/32 "Алматы-2 – Павлодар" бағытындағы пойыз күн сайынғы кестеден бір күн сайын, жөнелтілуі 2020ж. 4 тамыздан бастап Алматыдан (жұп күндер бойынша сақталады), 5 тамыздан бастап Павлодардан (тақ күндер бойынша сақталады). Бұл ретте, аталмыш пойыз Алматыдан 2020ж. 3 тамызда жөнелтілуі тоқтатылады. Аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, билет құнын толық көлемде ала алады немесе басқа балама пойыздарға билеттер сатып алуына болады. Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Теміржол қатынасы Атырау және Маңғыстау облыстарын қоспағанда, республиканың барлық өңірлерінде сақталған. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша білуге болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды, коронавирус инфекциясының таралуы кезінде белгіленген санитариялық-эпидемиялық талаптарды сақтауды, сондай-ақ бұрын жол жүру құжаттары (билеттері) сатып алынған пойыздардың мәртебесін тексеруін сұрайды.
01 тамыз 2020 ж. 648 0