Жолаушылардың ақшасы қайтарылатын болды
"Жолаушылар тасымалы» Тальго вагондарынан құрылған үш коммерциялық жолаушылар пойызының уақытша тоқтатылғандығы туралы хабарлады.
Олар: № 19/20 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Атырау» рейсі. Пойыз Нұр-Сұлтанның «Нұрлы жол» вокзалынан 2020 жылдың 1 шілдесінде шығып, Атырауға 2 шілдеде жетуі керек болған;
№ 95/96 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Орал» рейсі. Нұр-Сұлтанның «Нұрлы жол» вокзалынан 2020 жылдың 2 шілдесінде шығып, Орал қаласына 3 шілдеде жетуі керек болған;
№ 701/702 «Алматы-2 - Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» рейсі. Алматы-2-ден 2020 жылдың 1 шілдесінде шығып, Нұр-Сұлтанның «Нұрлы жол» вокзалына 2 шілдеде жетуі керек болған.
Осы аталған пойыздарға билет алып қойған жолаушылар ақшасын толық көлемде қайтара алады. Болмаса қолындағы билетін басқа уақыттағы рейске ауыстыру мүмкіндігі бар.
Атап айтқанда, билеттерді «Нұр-Сұлтан – Атырау» бағдары; - «Нұр-Сұлтан – Орал» бағдары; - «Нұр-Сұлтан – Алматы» бағдары; - Орал-Нұр-Сұлтан-Алматы бағдары; - Петропавл-Нұр-Сұлтан-Алматы бағдары бойынша ауыстыруға болады:
Сіз жолаушылар пойызының жүру кестесі, орындары мен ақысы туралы ақпараттарды 105 анықтама қызметіне қоңырау шалу арқылы біле аласыз (қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы телефоннан минутына 112 теңге тұрады).