№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлттық ойындар баланың дүниетанымын дамытады

Ұлттық ойындар баланың дүниетанымын дамытады


Қазіргі таңдағы білім берудің басты талаптарының бірі – баланың жеке бастың дамуына, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына дайындығын қамтамасыз ету болып отыр. 

Қазақ халқы өмірге дені сау, шыныққан азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына бай мұра қалдырған. Танымдылық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында өз бетінше жұмыс істей алу қабілеті мен деңгейі анықталады. Соның бірі – ұлттық ойындар. 
Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Бала кішкентайынан ата-анасының талап етуімен және өз еркімен әр түрлі ұлттық ойындарға қатысып, өзінің икемділігін, тапқырлығы мен батылдығын байқатқан. Ұлттық ойындар негізінде халық әр түрлі жаттығулар жасау арқылы дене шынықтыру негізін алды. Мұның әлеуметтік, тәрбиелік мәні де болды. Ұлттық ойындар кейіннен спорттық ойындарға ұласты. Мұнымен ойын сапасы жоғалмады, өйткені ойын адамның адал өмірлік серігі болып табылады. Қазіргі таңда қолданып жүрген жаңа технологиялардың бірі – сын тұрғысынан ойлау.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде сын тұрғысынан ойлау, сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушының ой-өрісін дамыту негізінде оқушылар арасында - бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға, ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланады;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашады;
- бір-біріне құрметпен қарауға, өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға бейімделеді;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын ізденуге, қиындықты шешуге талпынады. Қазіргі бізге жеткен ұлт ойындарының тарихы Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар арасында да тараған. Қазақтың Ертарғын, Алпамыс, Қобыланды сияқты батырлардың жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ойындардағы сайысы, балуандық, шабандоздық шеберліктері, аттың құлағында ойнау, аударыспақ, жұмбақ айту, сумен ойнау, онтаяқ, тоғызқұмалақ сияқты ойындардың халықтың көне мәдениетінің куәсі ретінде өте ерте заманда пайда болып, ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан ұлттық ойындарының балаларымызға деген тәрбиесі мол екендігін көрсетеді. Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – садақ ату, асық ату ойындары балаларды дөп тигізуге үйретеді.
Бұл ойындар баланың жітілігін, мергендігін дамытады, бойында еріктілікті, ұстамдылықты қалыптастыруға, қарсыласын сыйлай білу, адалдық және басқа да ізгі қасиеттерді қалыптастыруға негіз болады. Қазақтың ұлттық ойындары тұрмыстық және қоғамдық ойындар болып екіге бөлінеді. Қыздар ойындары және жекелеме ойындар да бар. Ұлдарға тән бәйге, түйе жарыс, жорға, садақ ату... Қазақтың ұлттық ойындарының ерекшелігі оларды мектепте үзіліс кезінде де сабақтан тыс уақытта да қолдануға болады.
Осы ерекшеліктерге қарай ойындарды үш топқа бөлуге болады. Біріншісі – көңіл көтеру ойындары, екіншісі – спорттық ойындар, үшіншісі – ойлау ойындары. Көңіл көтеру ойындарының басты ерекшелігі басқа ойындарды қайталамайтындығы және балалардың нағыз шығармашылық есебі іспетті. Бұл ойындарға қалықтаған ән, күмбірлеген күй, жарасымды әзіл-күлкі, басқа да талғам түрлері сынға түседі. Қазақтың ұлттық ойындарының арасында спорттық ойындардың артықшылығы бар.
Себебі олар баланың дене дамуы жағынан да, ой қабілеті жағынан да шынықтырып тәрбиелейді. Ақыл ойды дамытатын «он бір қара жұмбақ» деген тәрбиелік маңызы зор тағы бір ойын түрі бар. Оның ерекшелігі – есеп сұрақтарын қою арқылы, ребус құрастыру, сөзжұмбақ шешу, оймен, елестету арқылы баланың логикалық ойлау қабілетін дамытады.
Оның сөздік қорын байытуға септігін тигізеді. Баланың жеке басының дамуына, танымдық қабілеттерінің артуына ұлттық ойындардың маңызы зор. Жалпы баланы қоршаған дүниемен таныстыра отырып эстетикалық, адамгершілік, табиғатты қорғауға тәрбиелеу – азаматтық парыз.

Мөлдір БАЙТҮГЕЛОВА,
24 шілде 2020 ж. 1 407 0