№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Коронавирус жұқтырғандар неге иіс сезе алмайды?

Коронавирус жұқтырғандар неге иіс сезе алмайды?

 Қытай, Иран және Италия ғалымдары клиникалық деректерді негізге ала отырып, коронавирус жұқтырған адамның неге дәм мен иіс сезу қабілетінен айырылатынын анықтады. Зерттеу нәтижесін Science Alert басылымы жариялады.

Адамға тұмау тиген кезде мұрны бітеліп, содан дәм мен иіс сезетін рецепторларға молекула жетпей қалады. Аносмия (дәм сезудің жоғалуы) содан пайда болады.
Алайда COVID-19 жұқтырған науқастың мұрны бітелмейді, бірақ сонда да дәм мен иіс сезбей қалу сынды белгілері болады. Мұның сыры неде екенін білмек болған ғалымдар инфекция жұқтырған науқастардың мұрнын компьютер томографиясына түсірген. Томографиядан науқастардың дәм сезуге жауап беретін мұрын бөлігі ісініп, шырышпен қабаттасып бітеліп қалатыны көрінген. Ал мұрынның қалған бөлігі ашық, сондықтан адам тұмаудағы сияқты ауа жұта алмай қиналмайды.
Басында COVID-19 инфекциясы адамның дәм мен иіс сезу нейрондарын жарақаттап, содан адам сезінуден қалады деп болжам жасалған еді. Алайда ағзаға түскен коронавирус мұрынның шырышты қабатын қабындыратын ACE2 ақуызын бөлетіні белгілі болды. Мұндай ақуызға қарсы тұру үшін мұрынның иммун жүйесі ісініп, сезім нейрондарын бұғаттап тастайды.
Ал ағзаның иммун жүйесі коронавирусты жеңген кезде ісіну басылып, адамның дәм мен иіс кезу қабілеті қалпына келеді.
massaget.kz
28 маусым 2020 ж. 725 0