Жағдайы төмен ауыл тұрғындары 50 мың теңгеден алатын болды
Қазақстанның ауыл-аймақтарында тұратын жағдайы төмен отбасыларға 50 мың теңгеден берілетін болды. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы"

Сондай-ақ партия төрағасының орынбасары 100 мың отбасыға тегін маска таратылатыны жайлы айтып кетті.
"Сонымен қатар мұндай материалдық көмек коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерін қолдауға және әлеуметтік жағынан әлсіз 100 мың отбасыны тегін маскамен қамтамасыз етуге бағытталды.Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су басудан зардап шеккен Достық ауылының тұрғындарына арнап салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысы биылғы шілде айының ішінде-ақ аяқталады", - деп қосты ол.
Бұған қоса Бауыржан Байбек «Біз біргеміз» қоғамымыздың жаңа ұранынан айнлағанын айтып кетті.
Пікір 2