№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 50 мың теңге беруге пәрмен етті

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 50 мың теңге беруге пәрмен етті

Төтенше жағдай кезінде Үкімет тұрғындарды қамсыз қалдырмайтынын көрсетті. Яғни әлеуметтік жәрдемақы беріп, коммуналдық төлемдерді төлеп берді. Осындай кезде «Nur Otan» партиясының төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 50 мың теңге беруге пәрмен етті. Әлеуметтік жауапкершілікті терең түсінетін кәсіпкерлер мен компания басшылары «Birgemiz» қоғамдық қоры аясында қол ұшын созуға атсалысты.

Сонымен, акция аясында 625 аз қамтылған көп балалы ана­лар(АӘК алмайтын) – 50 мың теңгеге қол жеткізді. Одан бөлек, тізімде І топ мүгедегі – 231, он алты жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарға– 463, тұл жетімдерге – 21 бар.Чернобыльге және Ауған соғысына қатысушылар, Семей полигонында болғандар, әскери борышын өтеу кезінде ауруға шалдыққан 148 адам, тылда еңбек еткен 5 ардагерге берілді.
Халықтың әлсіз санатына қар­жылай көмек көрсету мақсатында ауданның түрлі саласының өкіл­дерінен комиссия құрылып, «Ашық есік күні» жарияланып, кімдерге берілуі тиістігін анықтады.
«Nur otan» партиясы аудандық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­­­басары Мәжит Балқожаев:
– Аудан басшылығы мен әлеу­меттік қорғау қызметкерлері ұсын­ған көмек алушылар тізімдерінде табыс деңгейі ең төмен әлеуметтік әлсіз топтардан құралған аза­маттар қамтылды. Оның ішінде, аз қамтылған көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедек жандар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және әлеуметтік жағы­нан әлсіз топқа кіретін зей­нет­керлер, жетім балалар, ҰОС-ның ардагерлері мен оларға теңес­тірілген тыл еңбеккерлері бар. Мұны әлеуметтік сала мамандары мен халық арасындағы түрлі өкілдерден жиналған топ арқылы жасалған тізім. Тізім ашық, жария­лы түрде халыққа көрсетілді. Күмән тудырған отбасыларға ар­найы соғып, жағдайларын да біл­дік, – деді.
Айта кетейік, Nur Otan пар­тиясы «Birgemiz» қорынан ел аумағындағы 150 мыңнан астам азаматқа 50 мың теңге мөл­шерінде ақшалай көмек көрсетті. Яғни 7,6 миллиард теңге аймақ­тық қорларға жіберілді. Жалпы алғанда аудан бойынша 1493 адамға 50 мың теңгеден берілді. Бұл дегеніміз, 74 млн 650 мың теңге қаржы ауданға тиесілі. Бұл – Сыр өңіріндегі аудандар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Қаржы алушының есепшотына жіберілді. Материалдық көмекті екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке тұлғаның картасынанемесе ағымдағы шотына аудару кезінде комиссия алынбайды. Егер аза­мат­тардың несие бойынша бо­рыш­тары бар болса, оныөтеу есе­­бінен қаражат ұсталмауы мәсе­лесі пысықталғанын білдік.
Өз қуанышымен бөліскен Сандуғаш Шеримова:
– Мен төрт баланың анасымын. Кент орталығында тұрамын. Өткен аптада «Сіздің шотыңызға 50 мың теңге түсті» деген хабарлама келді. Қатты қуандым. Бізге көмек көр­сетіп жатқан Nur Otan пар­тиясына, Елбасыға алғыс зор, – деді.
Айта кететіні, қаржылай қолдау алдымен қала тұрғындарына беріл­се, сосын аудан, ауыл тұр­ғындары қамтылды.
Карантин кезі көп адамды ой­лантты. Алды-артын бағамдауға мүмкіндік жасады. Әрине Үкімет қиын кезде демеу көрсетеді. Бірақ әрбір адам бизнестік көзін тауып, өз-өзін жұмыспен қамтуы тиіс...


Әйгерім Мырзахметова
16 маусым 2020 ж. 556 0