Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Антисептикті дұрыс қолданудың амалын білесіз бе?

Антисептикті дұрыс қолданудың амалын білесіз бе?


Қолға дұрыс жағылған, себілген антисептик қана коронавирусты өлтіре алады. Ал дұрыс жағылмаған жағдайда, оның пайдасы аз. Бұл жайында АҚШ Індетті бақылау және алдын алу орталығының (CDC) сайтында хабарланған.

Спирт қосылған антисептик 30 секундта вирусты өлтіреді. Сондықтан оны сепкен кезде тез әрі дұрыс жағудың маңызы зор.
Мамандардың айтуынша, құрамында 80 пайыз этанол немесе 75 пайыз изопропил спирті бар антисептикті сатып алған жөн. Ал қолға сепкен кезде ең алдымен алақанға сеуіп, содан кейін саусақтың асты-үсті мен қолдың алды-артына жаққан дұрыс. Медиктердің айтуынша, спирт алғашқы 30 секундта өте уытты болады, сондықтан сол уақыт ішінде қолға, білектің асты мен үстіне, саусақтың ара-арасына жағып үлгеру керек.
Ал кір, май жұққан қолға себілген антисептиктен пайда азырақ. Антисептик пестицид, ауыр металл сынды химиялық заттарды ыдырата алмайды. Сондықтан қолды жуып барып, антисептик себеміз. 
Ал дәрігерлердің бір ауыздан келетін нәрсесі – ол вирус пен микробтан сақтанудың оңай әрі тиімді жолы қол жуу екендігі. Қолды 20 секундт бойы сабындап жуу жеткілікті. Содан кейін шайып тастауға болады.
– Қолды таза ұстау – коронавируспен күресудің ең маңызды жолы – делінген хабарламада.
22 маусым 2020 ж. 769 0