№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Нұрлы шуақ» әйелдер жамағатының тындырымды тірлігі

«Нұрлы шуақ» әйелдер жамағатының тындырымды тірлігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы еріктілер қозғалысын дамытуға мән берді. Әрине қазақ қоғамында волонтерлік қызмет ерте заманнан қалыптасқан. Оның дәлелі, асарлата үй, қора-қопсы салғанын бала кезімізден талай куә болдық. Сананы нарық билеген заманда да қайырымды істерді естіп, көріп жүрміз. «Нұрлы шуақ» әйелдер жамағатының тындырымды тірлігін осы санатқа қосуға болады. «Жаңарған Жаңақорған Жастары» қоғамдық қоры ұйытқы болған бастамаларға дем беріп, белсенділік танытып жүретін әйелдер жамағаты көңілі қаяу жандарға, жаратылысынан ерекше туылған балаларға, қамқорлықсыз қалған аналарға қол ұшын беріп, қуаныш сыйлауды әдетке айналдырды.
Айт кезінде «Алақай, айттық тәт­тілері!» акциясы аясында 50 отбасыға торт, пицца мен тәттілер үйлестіріп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Ал 1 маусым – Балаларды қорғау күнінде ор­­та­лық алаңдағы 400-ден аса балаға балмұздақ таратты. Шараға ұйытқы бол­ған Мұқаш Гүлімай:
– Қоғамдағы кез-келген жайтқа бей-жай қарай алмаймыз. Сондай ойдан туған бастама. Бүгінде қоғамда белсенді жастар көп. Оларды ортаға тартып, жұ­мыл­дыра іс бастау алғашында қиындық туғызғанымен, ізгілікке ұмтылған жас­ардың арқасында ісіміз алға басуда. Әр атаулы күндері отбасыларға арнайы соғып, қуаныш сыйлап, сол арқылы бақытқа кенелеміз. Жанымыз да осы істен рахат табады. Бұл тек бір адамның қолынан келетін шаруа емес. Жұмыла көтерген жүктің жеңілдігін ескерсек, әрбір жанның еңбегін айту ләзім, – деді.
Оның сөзінше, азық-түлігіне ақша­ны там-тұмдап жеткізіп отырған жал­ғызбасты жас аналардың өмірге құш­тарлығын оятып, белсенділігін арттыруға болады. Дегенмен, толыққанды отба­сы болса да, аяқ-қолы балғадай сау бола тұра алақан жайғанын көріп қатты қынжыласың. Қай заманда да екі қолға бір күрек табылады ғой! Қайырымдылық істері барысында осыны жас отбасыларға түсіндіріп жүреді екен.
Қазақта, «Қайырым жасасаң, қайы­рын өзің көресің» деген дана сөз бар. Осы жерде «Өзін ғана ойлаған, Жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған, Адамдықтың белгісі», – деген өлең ойыма оралып отыр. Бабаларымыз жомарттығы мен қонақжайлығы, өзінен де бұрын өзгені ойлап, төрін ұсынып, барын алдына қойғандығынан да болар, ұрпақтар сабақтастығы бүгінде көрініс беруде.
Жақсылыққа жаны құмар, қайырым­дылықтан көңілдері қанаттанатын әйел­дермен жүздесіп, дидарласып, көңілім марқайып, ерекше шабыт алып қайттым. «Нұрлы шуаққа» топтасқан әйелдер қайырлы істерін жазбауды өтінді. Бірақ өзгелерге үлгі-өнеге болсын деген ниетпен мақалаға арқау еттік...


Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
09 маусым 2020 ж. 611 0