№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңақорғанның ыстығынан қорғану жолдары

Жаңақорғанның ыстығынан қорғану жолдары

Жазды бәріміз жақсы көреміз. Өйткені, жазда көп демалып, қызықты күндерді бастан кешіреміз. Алайда, бұл мезгілдің де кемшіліктері бар. Мысалы: маса, кене және ыстық ауа райы. Әрине, дамыған заманда олардан қорғануға болады. Үйімізге салқындатқыш орнатып ыстықтан қорғанып жатамыз. Алайда, оған бәріміздің бірдей қолымыз жете бермейді. Сондықтан, ешқандай салқындатқышсыз ыстықтан қорғанудың жолдарын ұсынғымыз келіп отыр.

1. Жатар алдында бір кесе су ішіңіз
Бұл сіздің ағзаңыздағы судың көлемін қалыпқа келтіріп, құрғақтықтан сақтайды. Керуетте қозғала бермей, тыныш әрі тәтті ұйықтайсыз.
2. Суға түсіңіз
Ұйықтар кезде міндетті түрде душқа түсіңіз. Сонда ұйқыңыз сергек болады.
3. Барлық техникалық құралдарды өшіріңіз
Әсіресе, ұялы телефон, ноутбук сияқты техникалар үйдің ішіндегі ауаны тарылтады.
4. Жарықты жаға бермеңіз
Жарықты барынша ерте өшіруге тырысыңыз. Себебі, шамнан бөлінетін жылу үйді ысытып жібереді.
5. Кешкі астан бас тартыңыз
Әйтпесе, ас пісіретін пеш пәтеріңізді ысытып жібереді. Бұдан кейін ұйықтау да оңайға соқпайды.
6. Есік-терезелерді ашып желдетіңіз
Жел үйіңізді кондиционерден кем салқындатпайды.
7. Төсегіңізді еденге салып алыңыз
Ыстық ауаның жоғары қарай көтерілетінін білесіздер. Ал төменде ауа салқынырақ болады. Сол себепті, жерге жатып үйреніңіз.

Дайындаған Ерлан РАЙЫМБЕК.
05 маусым 2020 ж. 504 0