№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҚСАРТУ – МЕМЛЕКЕТТІ ЖАҚСАРТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҚСАРТУ – МЕМЛЕКЕТТІ ЖАҚСАРТУ

Қазақстанның бүгінгі таңда алға қойған басты межесі халықаралық қауымдастықта отыз дамыған ел қатарына ену. Яғни, өркендеу жолында дамыған елдердің көшіне көтерілу болатын. Ал, бұл жолда мемлекеттік қызметкерлердің атқарар рөлі айрықша. Сондықтан, әлемнің жаһандық дамуы жағдайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін реформалау бұл өте маңызды процес.
Қазіргідей жаңа заманның талаптарына сай мемлекет мәртебесінің биік болуы, халықтың әлеуметтік тұрмысының артуы ең басты мәселеге айналды. Өйткені, мемлекеттің дамуы сол елдің азаматтарының жетістіктері мен оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен анықталады. Мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау кадрлық саясатты жаңғырту мен жетілдіруге бағытталған.
Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің оң имиджін қалыптастыру және нығайту болып табылады.
Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек. Кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, ел азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек. Ол әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.
Ол үшін мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды қатаңдату қажет. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптарға мемлекеттік қызметке даярлайтын мамандандырылған қысқа мерзімді курстан (өз бағыт-кәсібі бойынша) өтуі, туындаған мәелелерді шеше алу дағдысын тексеру сияқты қосымша міндетті шарттарды қосу қажет. Өз кезегінде жұмыс атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілерге біліктілігін тексерулерді жиілету қажет. Бұл күрделендіру емес – үздік сапаға жету мақсатындағы ұсыныстар.  Бұл шаралардың мақсаты олардың кәсiби дайындық деңгейiн, құқықтық мәдениетiн және азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетiн айқындау болып табылады.
Енді мемлекеттiк қызметшiлердiң этикасы мен имиджiн қалыптастыру мәселелерiне қайта көшсек. Мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби деңгейiнiң төмен болуы, бюрократия көрiнiстерi және мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде әкiмшiлiк кедергiлердiң болуы мемлекеттiк қызмет имиджiне керi әсерiн тигiзуде және халық пен бизнестiң мемлекеттiк органдар жұмысына қанағаттанбауының негiзгi себебi болып табылады.
Азаматтардың құқықтық сауаты мен мәдениетін көтеру, ақпараттандыру күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі деп айтуға болады. Мемлекеттік қызметті жақсартуға бағытталған шаларларды ұйымдастыру кезінде цифрға, статистикаға емес, сапаға мән берілуі міндетті.
Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевтың халыққа жолдаған Жолдауларымен Стратегиялық құжаттарында мемлекеттік қызметшілер елеулі орын алып, оларға артылып отырған сенім үлкен.Осы сенімді ақтаудан асқақ мұрат жоқ.

Мейіржан ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ,
Қызылорда облысы, Жаңақорған аудандық
сотының аға сот приставы.

25 сәуір 2019 ж. 1 192 0