Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 529

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 2020 жылдан бастап жаңа жүргізуші куәлігі енгізіледі

2020 жылдан бастап жаңа жүргізуші куәлігі енгізіледі

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдан бастап беріле бастайды, деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" ІІМ-не сілтеме жасап.

Министрлік бұрын берілген жүргізуші куәліктері мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктерді ауыстырудың қажеті жоқ екенін айтты.
«Жүргізуші куәлігі қызмет мерзімінің уақытында жарамды бола береді (жүргізуші куәлігі берілген күннен бастап 10 жыл бойы, КҚ тіркеу туралы куәлік – оны кейін ауыстырғанға дейін). Аталған құжаттарды беру үшін мемлекеттік баж мөлшері өзгермейді және ол бұрынғыша 1,25 АЕК-ті құрайтын болады», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Қазақстандағы жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісі жарияланғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Аталған шаралар жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеке басын куәландыратын құжаттармен сәйкестендіру үшін қажет және құжаттарды дайындаудың бірыңғай өндірістік стандартына көшуге мүмкіндік береді.


15 қараша 2019 ж. 1 221 0