№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бізге демеу болды

Бізге демеу болды

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы осындай қысылтаяң уақытта халықпен бірге болып, ешқандай жанды қамқорлықсыз қалдырмады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сындарлы сәтте халықты рухани һәм материалдық қолдауды ұмытпай, өз қамқорлығын көрсетті. Бұған біздің отбасы дән риза.

Бала күтімінде отырмын. Мамандығым бойынша жұмысқа орналасуға мемлекеттік емтихан тапсырып, жұмысқа орналасуға ниет танытқан кезде, төтенше жағдай жарияланып үйге қамалдық. Жолдасым да жұмысынан ақысыз демалысқа шықты. Үш бала тәрбиелеп отырған жас отбасымыз. Енді не болады деп уайымдаған едік. Осындай сәтте Үкімет біз секілді отбасыларға қарайласу үшін 42500 теңгелік жәрдемақыны ұсынды. 
Мұны естіген бойда өтінішті электронды түрде жібердік. Бес күнде тиісті қаржыны қолыма алып, қажетті азық-түлікті алуға жараттым.
Ақын Мұхамеджан Тазабектің:
– Аузыңа ақ май әкеп бермесе де,
Үкімет өзегіңді талдырмайды, – деген өлең жолдарының парқын түсінгендей болдым.
Жаһанға жайлаған жұқпалы індетті ертерек жеңіп, елдің дамуын тілеп отырмын. 

Акерке НҰРПЕЙІСОВА,
Жаңақорған кентінің тұрғыны
19 сәуір 2020 ж. 827 0