№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Психологиялық тест: Қай орындыққа отырар едіңіз?

Психологиялық тест: Қай орындыққа отырар едіңіз?


Осы тест арқылы сіз өзіңіздің мықты және әлсіз тұстарыңызды біле аласыз. Ендеше өзіңіз қалаған орындардың бірін таңдаңыз!..

1. Табуретка

Cіз өте қарапайым адамсыз. Ақкөңіл, apі біреуге жаныңыз ашығыш. Сіздің өмірлік миссияңыз-әлемге және адамдарға жылулық пен жайлылық сыйлау. Cізге көбі қиын жағдайда көмек сүрап келетінін байқаған шығарсыз. Өйткені сіз адамдарға "жоқ" дей алмайсыз. Олардың сізді пайдаланып кететінін біле тұра бетін қайтару сіздің қолыңыздан келе бермейді.
2. Кресло 
Егер таныстарыңыздан сізді қандай адам деп сұраса бәрі бір ауыздан "батыл, әрі көңілді", -деп жауап береді. Cіз барлық істің тек жақсы жағын көресіз. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүру сізге тән емес. Өз жақындарыңызды қорғауға қашан да дайынсыз. Әділетсіздікті көрсеңіз шыдап тұра алмайсыз.
3. Орындық 
Cіздің ерік-жігеpіңізге қызыға қарайтындар көп. Тек өзіңізді емес, басқаларды да жігерлендіріп жүресіз. Көпшілікті артыңыздан ерте аласыз. Қай жағдайда да адам сіз үшін бірінші орында. Жаман адамның да бойынан бір жақсылықты көре білетін қасиетіңіз бар.
4. Тербелмелі кресло 
Сіз қазір тұлға ретінде даму үстіндесіз. Тек алға бет алып отырсыз. Осы жолда түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін, сізге оларды жеңу керек. Сол кезде шыңдала түсесіз. Cіздің жұмсақ мінезіңізге осы жетіспейді. Өйткені сіз тым аккөңіл және біреудің ығына жығылғышсыз. Сондықтан сізге сәл қатаңдық керек.

05 сәуір 2020 ж. 5 382 0