Құрылтай

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

№49 (8963) 30

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Төтенше жағдайға байланысты тәртіпті бұзған тағы бір азамат әкімшілік қамаққа алынды

Төтенше жағдайға байланысты тәртіпті бұзған тағы бір азамат әкімшілік қамаққа алынды


Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабының 3-тармақшасында көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат И-ның әкімшілік ісі қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, Жаңақорған кентінде азамат И. 2020 жылғы 28 наурыз 01 сағат 30 минут шамасында Иманов көшесінің бойында орналасқан ғимараттың бір бөлмесін жалға алып «Ай-Ару» аудио-бейне жазба студиясын ашып, жасырын «PS-4» ойынын ойнатып, аталған ғимараттың жалға алушы ретінде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерінсіз төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзып, заңсыз «PS-4» ойынын ойнатуға жол бергені анықталған.
Сот қаулысымен И. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабының 3-тармақшасымен кінәлі деп танылып, оған 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
31 наурыз 2020 ж. 741 0