Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда тегін азық-түлік жиынтығы кімдерге беріледі

Қазақстанда тегін азық-түлік жиынтығы кімдерге беріледі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев тегін азық-түлік жиынтығына кімдер ие болатындығы жайлы айтты, деп хабарлайды «Жаңақорған тынысы» Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Кеше ғана мен президент тапсырмасы бойынша тегін азық-түлік жиынтығы туралы ақпарат жария еткен болатынмын. Оны азаматтардың 4 санаты ала алатынын еске салғым келеді. Бірінші санат - атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары. 2, 3, 4-санат - карантиндік аймақта тұратын азаматтар. Нақты айтқанда, АӘК алатын отбасылардың барлық ересек мүшесі, оның ішінде көпбалалы отбасылар, барлық жастағы 1 және 2-топтағы мүгедектер мен мүгедек балалар, мүгедек баланың күтімімен отырған ата-аналар», - деді Абаев.
Сондай-ақ министр бүгінгі күні мессенджерде 109 номеріне хабарласып, азық-түлікке тапсырыс беруге болады деген хабарлама таралып жатқандығыны жайлы пікір білдірді.
«Бұл - жалған ақпарат. Оны жасаған адамдар табылады және заңға сәйкес жазаланады», - деді ол.
Бұған дейін министр коронавирусқа байланысты жұмыссыз қалған қазақстандықтарға өтемақы қалай төленетіні жайлы айтқан болатын.
26 наурыз 2020 ж. 501 0