Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қол мен тырнақ күтімі жөніндегі кеңестер

Қол мен тырнақ күтімі жөніндегі кеңестер


Тырнақ сынып, қабыршақтанбауы үшін Е жəне А дəрумендері сізге көмекке келеді. А дəруменін күнделікті бір капсуладан он күн, содан соң Е дəруменін он күн кезектестіріп қабылдау керек (3 ай ішу!). Емді осылай ұзақ жасағанда ғана қажетті нəтижеге қол жеткізуге болады.

Дəрумендер туралы айта кетсек:
А дəрумені тырнақтың өсуіне жəне бекуіне пайдалы (бауыр етінде, көк шөптерде, қызанақ, сəбізде болады);
Е дəрумені ақуыздың сіңірілуіне, тырнақтың өсуіне қажет (қырыққабат, жұмыртқа сарысында, т.б.);
Йод та тырнақ өсуіне пайдалы (теңіз қырыққабаты, шпинатта болады);
Тырнақтың иілмелілігі əрі қаттылығын кремний қамтамасыз етеді оны біз барлық көкөніс түрінен ала аламыз;
Кальций, өзіміз білетіндей, тырнақтың қаттылығы үшін қажет (сүт өнімдері);
Тырнақ қабығының құрылымы мен пішіні үшін темір пайдалы;
Күкірт тырнақтың түзілуіне керек (қырыққабат, пияз, қиярда болады).

Маникюрді екі аптада бір рет жасаған дұрыс.

Қолданатын косметиканың сапалы болуы міндетті жəне құрамында ацетон болмағаны маңызды. Өйткені ацетон тырнақ пластинасын құрғатып жібереді.

Тырнақты үнемі бояп жүруге болмайды. Əрбір бес күн сайын екі күн лактан демалтып тұрыңыз.

Тырнаққа күнделікті жатарда қоректендіргіш крем жағуды ұмытпаңыз.

Тырнақ сарғайып тұратын болса лимонмен сүртіңіз. Ол ағартып қана қоймайды, тырнақтың нығаюына көмектеседі.

Сода қосылған ванналар тырнаққа зиян.


Тырнаққа йод пен апельсин шырынынан бекіткіш ванна:

Теңіз тұзы - 2 шай қасық;
Йод - 4 тамшы;
Жарты стақан апельсин шырыны;
Су.
Жарты стақан жылы суға теңіз тұзын ерітіп, апельсин шырыны мен йодты тамызамыз. Барлығын араластырған соң 10-15 минутқа қолды салып отыру керек. Мұқият құрғатып сүртіп, қоректендіргіш крем жағамыз.
05 наурыз 2020 ж. 878 0