» » Вьетнам соғысының ардагері қоғамдық қабылдауға келді

Вьетнам соғысының ардагері қоғамдық қабылдауға келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында халықпен кері байланысты арттыру қажеттілігін тапсырды. Сонымен қатар, қоғамдық диалог орнатып, көмекті қажет еткен жандарға дер кезінде жәрдем ету, ашықтық мәселесіне назар аудару мемлекеттік органдардың басты жұмысы екенін атап өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесі өз қызметі барысында азаматтардың жағдайын біліп, өтініштерін тыңдау арқылы жұртшылықпен кері байланыс орнатқан. Әсіресе ауылдық елді-мекендердегі тұрғындардың талап-тілектерін тыңдау мақсатында қоғамдық қабылдаулар жолға қойылған.
Биыл да Кеңес мүшелерінің қоғамдық қабылдаулар кестесі бекітіліп, қабылдаулар өткізілуде. Осы мақсатта Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаев Жосалы кентінде қоғамдық қабылдау жүргізді.
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының қабылдауына келген Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисенов әлеуметтік мәселемен жүгінді. Вьетнам соғысына қатысқан жалғыз қазақстандықтың өтінішін тыңдағаннан кейін, Н.Талқанбаев ардагердің өтінішіне қатысы бар құзырлы мекемелердің басшыларын қоғамдық қабылдауға шақырды. Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысымен және амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық аурухананың бас дәрігерімен қарияның мәселесінің шешілу жолдарын жан-жақты талқылап, ардагерге өтінішіне байланысты заңды шешім қабылданатынын айтты.
Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасына Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының қабылдауына келген амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық аурухананың психологы А.Нұрмағамбетова мемлекеттік қызметке орналасудың талаптары туралы толық мәлімет беруді сұрады. Департамент басшысы азамат А.Нұрмағамбетованың сауалына толыққанды мағлұмат беріп, мемлекеттік қызметші атанудың талаптарын түсіндірді.
"Өткен жылы, Кеңес төрағасы және мүшелері, облыс орталығы мен аудандарда өткен қоғамдық қабылдауларда түрлі мәселелерімен 356 азаматты қабылдады. Кеңес мүшелерінің көмегіне жүгінушілердің сауалдарына жауаптар беріліп, арыз-шағымдарына заңнамаларға сәйкес тиісті шешімдер қабылданды.
Алдағы уақытта Агенттіктің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің елді мекендердегі жеке қабылдаулары өз жалғасын табады", - деді Н. Талқанбаев
02 наурыз 2020 ж. 483 0