№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құттықожаев тұрғындарды қабылдады

Құттықожаев тұрғындарды қабылдады


Қоғамдық қабылдаулар халық пен билікті байланыстыратын көпір іспеттес. Осыған орай, уақыт тынысына сай халық аманатын аралаған басшылар ел-жұрттың ұсыныс-пікірімен санасу мақсатында қоғамдық қабылдаулар өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. Мәселен, жақында «Нұр Отан» партиясы филиалының аудандық ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев аудан тұрғындарын қабылдады.
Жеке қабылдауға қатысқан аудан тұрғындары көкейіндегі сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
– Ауданның негізгі экологиялық проблемасының бірі – Жаңақорған кенті мен оған іргелес жатқан 11 елді мекенге тұрақты аяқ судың жетпеуі. Ол үшін көлдер алқабын суландыру керек. Алдағы уақытта осы мәселе өз шешеімін тапса деймін. Өйткені аяқ су жетпеген тұрғындау есік алдындағы бау-бақшасына жаз айларында ауыз суды айдап, соның салдарынан шеткей көшелерге ауыз су жетпей жатады. Осы аяқ су мәселесі шешіле ме?, – дейді А.Асанов көшесінің тұрғыны Жұмабек Қосдауров.
Тұрғынның талабын тыңдаған Ибадулла Құттықожаев аталған мәселе тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, бақылауға алынатынын жеткізді.
Сондай-ақ, Жаңақорған кенті әкімі аппаратының бас маманы Алма Мамированың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қойылған сұрағына тиісті түсіндірме берілді.
Жиын барысында, «Қазақ тілі» қоғамының Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Ізәтілла Нәрзілдаев мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына байланысты өз пікірін білдірді.
Қабылдау соңында Ибадулла Дүйсенбайұлы көтерілген мәселелерді құзырлы орындарға жүктейтінін айтып, әр тұрғынның пікірі маңызды екенін атап өтті.
29 қыркүйек 2018 ж. 1 038 0