№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар өткізілді

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар өткізілді


Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің маманы Б.Рысмамбетовтың қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Жаңақорған аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында «Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараға Жаңақорған аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы мен қызметкерлері және Жаңақорған аудандық сотының кеңсе меңгерушісі қатысты.
Шара барысында ХҚКО өкілдеріне апостиль қою туралы мемлекеттік қызмет жөніндегі өтінішті қабылдау мәселелерін, қажетті құжаттар тізбесін, қызмет көрсету мерзімдерін, мемлекеттік бажды төлеу тәртібін реттейтін Стандарт ережелері түсіндірілді.
Семинар соңында апостиль қою арызымен жүгінген қызметті алушылар арасында тұрақты негізде әлеуметтік сауалнаманы жүргізу тапсырылды.
Сондай-ақ осы семинар Жаңақорған аудандық сотында жалғасын тауып, Соттар әкімшісінің маманы Б.Рысмамбетовтың тарапынан судьялар мен сот қызметкерлеріне аталған мемлекеттік қызмет көрсетудің талаптары мен ережелері түсіндірілді.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
28 ақпан 2020 ж. 880 0