ӨМІРДІҢ МӘНІ НЕДЕ?
Мына екі балапан бақытты. Өздерін еркін сезінеді. Олар айдың-көл іздемей-ақ шағын шыны ыдыста өз ойларын жүзеге асыруда...
Қазір көп адамдар өздерін бақытсыз сезінеді. Бір қалыпты, бір сарынды өмір салтынан шаршаған. Неге?Әркім әртүрлі топшалайды. Түрлі болжам айтады...
Кеше бір жігітпен тілдестім. Нұр-Сұлтан қаласында такси қызметін атқарады екен. Күндегі әдеті бойынша кешке дейін ұйықтайды. Қарағаңғылық түскенде көлік тізгіндеп, бұйырған табысын табады. Осы бір бағытты жұмысынан әбден қажыған.
Одан өмірдің мәнін сұрадым. Мардымды жауап бере алмады. Рухани серігетін, спорттық серпілетін бағдармаларға қалай қарайтынын білдім.
Біз орыс емеспіз ғой. Бір жерге баруға уақытым жоқ дегенді алға тарты.
Иә, біз қызық халықпыз. Демалуды білмейміз. Айына бір рет театрға немесе концерттерге баруды жөн санамаймыз. Көкпарды тамашалап, жылқыны жүгендеуге уақыт таппаймыз. Тіпті, кіруі тегін спорттық және мәдени шараларға бас сұға бермейміз. Бильард, боулинг т.б толып жатқан жерлерге баруды құптамаймыз. Қызықпаймыз. Маңызды санамаймыз.
Айтпағым, бірнеше айда бір рет (үш-төрт сағатты) өзімізге арнап, бойға жиналған негативті энергияны шығарып тастауға мән беретін болсақ, тұратын қалада өзімізді жайсыз сезінбес едік. Яғни оның бір бөлшегі екенін сенер едік. Сосын шаршау, шалдығу, қажу және т.б ұмытар ма едік.
Рас, орыс ұлтты өз-өзіне қарауда бізден озық. Турист ретінде қыдыру үшін қаржы жинайды. Олар қажет болса...
Ал біз өзімізді ақтап аламыз. Пәтер жалдап тұрамыз, жалақы аз, өмір сүру қиын және т.б алға тартамыз. Алайда драма театрларда билеттің құны 1000-2000 теңге, концерттер мен спорттық шараларға кіру үшін (футбол, хоккей, баскетбол және т.б) 2000-4000 теңге қажет болады. Кейде мұндай қаржыны бей-берекетсіз жұмсай салатынымыз да шындық.
Иә, өмір сүру оңай емес. Бірақ бәсеке ортасында сергек болу да маңызды. Олсыз сапалы жұмыс жасау қиын. Ол үшін екі-үш айда өз-өзімізге мән беруді ұмытпауымыз керек.
Шіркін-ай, дүние кімге жетіпті?! Жұмыс бітуші ме еді?!
Айтқым келгені, сапалы өмір салтын құруға мән бергеніміз жөн...
Жетпейтін нәрсе ешқашан жетпейді.