Әнімен мәңгі есімі қалды
Белгілі компазитор, халықаралық байқаулардың лауреаты Тұрдықылыш Ізтаев 17 ақпанда 71 жасқа таяған шағында өмірден озды. Ел арасында кеңінен танылған «Нурикамал» әнінің авторы.

1973 – 1994 ж. Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтының халық аспаптар кафедрасының доценті. 1994 ж. Ш.Қалдаяқов атындағы облысы филармонияның көркемдік жетекшісі, халық аспаптары оркестрінің дирижері. Ол 20-дан астам ғылыми және оқу әдістемелік жұмыстардың авторы. Әндері жеке альбом болып «Махаббат – өмір» деген атпен жарық көрді. Халықаралық, республика, облыстық байқаулардың лауреаты. Облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталған, облыс әкімі белгілеген «2000 жылдың ең үздік композиторы» атанған.