№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Кілемдегі дақты кетірудің оңай жолы

Кілемдегі дақты кетірудің оңай жолы


Сағыз Көбі басқа дақтарға қарағанда сағызды кетіру қиын деп ойлайды. Бірақ ас үй ханшайымдары мынадай лайфхак қолданады: сағыздың үстіне мұз текшесін 5-10 минутқа қойыңыз. Суыққа сағыз қатады да, оны қатты затпен алып тастау оңайырақ болады.
Басқа да дақтар Кілемдегі басқа дақтарды әмбебап құралмен кетіруге болады: бүріккіші бар ыдысқа ас содасы, сірке суы және ыдыс жууға арналған құралды араластырыңыз. Осы ерітіндіні даққа шашып, бірнеше минуттан соң сорғышпен тазартуға кірісіңіз.
Тағы бір әдіс – картопты пайдалану. Бірнеше картопты тазартып, үккіштен өткізіп, үстіне су құйып, 2 сағатқа қалдыру керек. Бұл уақыт ішінде картоп кілем тазартуға болатын крахмал бөледі. Сұйықтықты сүзіп, оны дақтың үстіне аздап құясыз. Содан соң оны щеткамен тазалайсыз. Кілем кепкен соң оны шаңсорғышпен сорып алу керек. Бірақ картопты тек ақшыл түсті кілемдерге қолданыңыз.

06 ақпан 2020 ж. 1 034 0