№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бір жарым досым бар

Бір жарым досым бар


Баяғыда қала әміршісі қарапайым киіммен шаһар базарларын аралап халықтың хал-ахуалымен танысып шығады екен. Базар ішін аралап жүріп саудагер мен баласының арасындағы қызық әңгімеге куә болды.
Әңгіме барысында әкесі: Балам, қанша досың бар?,-деп сұрайды. Жігіт аз-кем ойланып: қырық досым бар,-деп жауап береді. Саудагер жігіт боп қалған баласының жауабына көңілі толмай: Елу жасқа келдім. Осы күнге дейін бір жарым ғана дос таптым,-дейді.
Қала әміршісі түні бойы көз ілмей саудагер сөзінің мәнін ойлап шықты. Ертесіне ең әуелі боп сарайына саудагерді арнайы шақырады.
Оған: Балаң екеуің орталарыңдағы болған әңгімені өз құлағыммен естідім. Бір жарым досым бар дегенің не?,-деп сұрайды.
Саудагер: Сөзімді айтып түсіндірудің бір ғана жолы бар. Қалаға менің қылмыс жасап, тұтқынға алынғанымды. Жаза ретінде өлімге кесілгенімді жариялаңыз. Сонда менің сөзімнің мән-мағынасын өз көзіңізбен көресіз,-дейді.
Әміршінің жаршылары қаланы аралап жүріп хабар таратады.
Көп кешікпен саудагердің жора-жолдастарының бірі келіп:
— Әміршім! Мен досымның қылмысы өтемі ретінде мал-дүниемнің тең жартысын беруге әзірмін,-дейді.
Әмірші:
— Бұл жеткіліксіз, ол өлім жазасына кесілді,-дегенде, саудагердің досы:
— Олай болса, бар жиған-терген дүниемді берейін,-деп ұсынды. Әмірші: болмайды, жазасы – өлім,-деп бас тартты.
Досы саудагерге қарап тұрып: «Досым! Бар дүниемді беріп тұрмын, алайда амал нешік. Сенің алдыңда достық борышымды өтей алдым ба?»,-деп сұрайды.
Саудагер:
— Иә, ризамын. Саған рахмет,-деді. Досы сарайдан шығып кетеді. Артынан іле-шала саудагердің тағы бір досы кіріп келді. Ол ай-шайға қарамастан:
— Уа, әміршім! Қылмыс жасаған мен едім. Бейшара кісінің ешбір қатысы жоқ. Ол бар болғаны, сонда куә болғаны үшін айыпты,-деп айтып салды.
Әмірші таңырқап:
— Ол өлім жазасына келісіп тұр. Сонда сен саудагердің орнына жазаға дайынсың ба?,-десе де, саудагердің досы:
— Иә, қылмыскер мен. Оның ешбір қатысы жоқ, — деп райынан қайтпады.
Саудагердің досы: Әрине, қылмыс жасаған мен, саудагердің ешбір қатысы жоқ,-деп сөзінен айнымады.
Осы кезде саудагер кіріп келіп, досына дән риза боп құшағына алды. Ал, әмірші саудагердің бір жарым досым бар деген сөзінің мәнін ұғынған екен.
Жарты дос бар дүниесін құрбан етуге дайын дос. Ал бүтін дос өмірін қиюға да әзір дос. Шынайы достық осындай. Ал, қиссаны оқып шыққан құрметті оқырман сіздің қанша досыңыз бар?

Материал Төлеуғали Есетұлының парақшасынан алынды.
05 ақпан 2020 ж. 961 0