Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 54

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Партияның марапатына ие болды

Партияның марапатына ие болды


Аққорған ауылындағы № 256 мектепте Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Ауыл әкімі Сардар Садықовтың ұйымдастыруымен өткен кездесуге "Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев арнайы қатысты.


Егеменді еліміздің тәуелсіздігін тұғыры биік көк тудың астында тойлап келгенімізге биыл жиырма сегіз жыл. Осынау жылдар ішінде елдің ертеңі үшін ерінбей еңбек етіп, өз қызметінде үздік танылған ауыл азаматтарын «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев құттықтап, сөз соңында бірқатар азаматтарды партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарованың, аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы атынан «Алғыс хаттарымен» марапаттады.
Ұлық мерекеде ұлықталған сан түрлі сала мамандарының арасында Ақмарал Әлназарованың «Алғыс хаты» ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Молдахмет Ибрагимов, «Әділет-Д» шаруақожалығының төра­ғасы Өміртай Өтешов және ауылдық әкімдіктің шаруашылық ісі жөніндегі маманы Бақытжан Жұманов, аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлының «Алғыс хаты» ауылдық әкімдіктің жетекші маманы Темірлан Төреев, «Раушан» балабақшасының тәрбиешісі Гүл­зира Иманбаева, «Айдана» бала­бақшасының меңгеру­шісі Зубайра Омарова, №27 «Рауан» бала­бақшасының тәрбиешісі Алма Төлешова, №209 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ұлдаш Құлымбетова мен №256 мектептің мұғалімі Әйгерім Каримоваға, ал аудандық партияның «Алғыс хаты» №209 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Ақәділ Палымбетов пен № 256 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Назира Әбутәліповаға табысталды.
– Барша ауыл тұрғындарын Тәуел­сіздік мерекесімен құттық­таймын. Бұл күннің біздер қадір-қасиетін тереңнен түсінуіміз керек. Өйткені осы күн ата-бабамыз аңсаған арманының жүзеге асқан күні. Ерекше сипатта тойланатын ұлық мерекеміз Мәңгілік болғай, – деп ауыл ақсақалы Молдахмет Ибрагимов өз тілегін жеткізді.
Шара соңы ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сый­лады.

Лаура БИБАСАРОВА
19 желтоқсан 2019 ж. 790 0