№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қылмыстық құқық бұзушылық

Қылмыстық құқық бұзушылық


Жаңақорған аудандық сотының судьясы Эльдар Рыскулов қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен қаралған қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша брифинг өтті.


Іс құжаттарына сәйкес сотталушы М. ірі мөлшерде кептірілген марихуана есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтап, халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Нәтижесінде қылмыстық теріс қылық жасаған әрекеті оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасымен, сарапшының қорытындысымен, куәлардың жауаптарымен өз дәлелін тапты.
Сот М-ға жаза тағайындау кезінде ҚК-нің 52-бабының талабына сәйкес қылмыстық теріс қылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталушының іс материалындағы өзіне айыппұл жазасын тағайындауды сұрап өтініш келтіргенін ескеріп, жазаның айыппұл түрін белгілеуге негіз жеткілікті деп тұжырымдаған.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 55-бабының 3-бөлігінде айыптау үкімі бұйрықты іс жүргізу тәртібімен шығарылған істер бойынша айыппұл қылмыстық теріс қылық жасалған кезде айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде тағайындалады.
Аудандық соттың үкімімен сотталушы М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 50 500 теңге айыппұл салынды.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.

Майра ҒАНИЕВА
29 қаңтар 2020 ж. 1 421 0