Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді
Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Майра Ғаниеваның қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы Э.И.Рыскуловсотталушы М-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен қаралған қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сұхбат берді.
Іс құжаттарына сәйкес сотталушы М. ірі мөлшерде кептірілген марихуана есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.
Нәтижесінде қылмыстық теріс қылық жасаған әрекеті оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасымен, сарапшының қорытындысымен, куәлардың жауаптарымен өз дәлелін тапты.
Сот М-ға жаза тағайындау кезінде ҚК-нің 52-бабының талабына сәйкес қылмыстық теріс қылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталушының іс матариалындағы өзіне айыппұл жазасын тағайындауды сұрап өтініш келтіргенін ескеріп, жазаның айыппұл түрін белгілеуге негіз жеткілікті деп тұжырымдаған.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 55-бабының 3-бөлігінде айыптау үкімі бұйрықты іс жүргізу тәртібімен шығарылған істер бойынша айыппұл қылмыстық теріс қылық жасалған кезде айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде тағайындалады.
Аудандық соттың үкіммен сотталушы М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 50 500 теңге айыппұл салынды.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.