№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауылда ашылған амбулаториялар

Ауылда ашылған амбулаториялар

Басы ауырып, балтыры сыздаған адамныңәуелі шипа іздеп,өзі тіркелген аумақтағы медициналық мекемеге жүгінері анық. Осы ретте мемлекттік жекеменшік әріптестік аясында ауыл-аймақтарда амбулаториялардың ашылуы ретке қойылды. Жоспарлар орындалып, белгілі кәсіпкерлердің арқасында Өзгент және Бірлік ауылдарында бой көтеріп, жаңа заманауи құрылғылармен жабдықталған нысан халық игілігіне берілді. Ал осынау айтулы күні амбулаторияның ашылуына облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов арнайы келген болатын.
Салтанатты шарада  алғаш сөз алған облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы:
– Ең басты байлық – адамның денсаулығы. Онсыз ел халқы алдыңғы қатарлы мемлекетке қол жеткізе алмайды. Сондықтан Елбасы Жолдауында «Қазақстандағы әрбір азаматтың денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс», – деп атап көрсетті. Ендеше, осы жолда айрықша денсаулық сақтау саласының мамандары өздеріне артылған міндетті абыроймен атқарады деп сенім артамыз. Бүгінгі таңда медицина қызметкерлеріне мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдаудың өзі қомақты. Бұған емдеу мекемелеріндегі білікті мамандар мен мекеменің заманауи медициналық қондырғылармен толығуы дәлел. Ашылғалы тұрған жаңа нысан құтты болсын, – деп ақжарма тілегін жеткізді.    
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған Өзгент ауылындағы жаңа типті нысанның құрылысын «Ныш-Ер» ЖШС жүргізді. Бас директоры Ерболат Төрежановқа ауылдастар атынан сөз алған ауыл тұрғыны, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қалкөз Әбдікәріміов: «Осы уақытқа дейін ескі ғимаратта ем қабылдап, қыс ауасы кішкене ыңғайсыздық тудыратын еді. Енді міне, жаңа емдеу мекемесі ел игілігіне беріліп, халықтың батасын алып жатыр. Сондай-ақ басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса, ақ халатты абзал жандарға жүгінетіміз ақиқат. Адам жанының арашасысы деген қастерлі мамандық иелерін қаншалықты дәріптесек те артық етпейді», – деді.
Жалпы құны 163 млн теңгеге салынған амбулаторияда осы күні 20 қызметкер жұмыс жасайды.
Одан әрі Бірлік ауылдық округіндегі дәрігерлік емхананың лентасын қиған Қуанышбек Ысқақов  аувл тұрғындарымен бірге жаңа ғимарат ішін аралап, ішкі мүмкіндігімен танысты.
– Ұлт саулығы – мемлекет байлығы. Тәні саудың–жаны сау екендігі айтпасада түсінікті. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алдын алу біз үшін өте өзекті болып табылады. Келешек ұрпақтың баянды болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру – біздің дәрігерлік борыш. Біз халықтың бізге деген сенімі артатындай, қажетті кәсіби көмек алатындай халыққа қызмет көрсетсек одан артық абырой жоқ, – дейді Бірлік ауылдық дәрігерлік-амбулоторияның аға дәрігері Нұргүл Жошиева.
Жалпы құны 157 млн теңгеге салынғын дәрігерлік-амбулаторияда 27 қызметкер жұмыс жасайды.
Осылайша Жаңақорған ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске қосылған қос дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 40-50 адамды қабылдай алса, күндізгі стационарлық емдеу бөлмесі екі орталықта да 5 адамға арналған. Сондай-ақ, Өзгентте ашылған жаңа заманауи амбулатория 2584, Бірлік ауылындағысы 5500 тұрғынға қалтқысыз қызмет көрсетуге толығымен дайын.
Иә, соңғы үш жылда Сыр өңірінде түрлі салада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында пайдалануға берілген әлеуметтік нысан қатары арта бастады. Қос тарапқа да тиімді деп танылған әріптестік мемлекет пен бизнестің бірлесе әрекет жасауына жол ашты. Ел экономикасын жаңа белеске көтеруге, оны әртараптандыруға және кәсіпкерлерді бюджеттің қарымы жете бермейтін ірі инвестиция тартуға бағытталған жобаның тиімді тұсы көп. Басым бағыттың бірі – денсаулық сақтау саласы. Мәселен, аталған салада облыс бойынша 30-ға жуық жобаға жұмыс жүргізілуде екен.
15 қаңтар 2020 ж. 644 0