Тірілер қайтыс болғандардың көзін жұмады, ал қайтыс болғандар...
"Тірілер қайтыс болғандардың көзін жұмады,
Қайтыс болғандар тірілердің көзін ашады"...
Дінмұхамед Қонаев

Мына жалғанда көп дүниені бағалауға жоқпыз , сыйлай алмаймыз , қадірін ілмейміз ! Осындай бір түйіткіл ойларға зер салғымыз жоқ. Ал, бүгінгі бүкіл қазақтың қабырғасын қайыстырған қайғы әр пендеге ой саларлық...
Бізді не күтіп тұрғаны тек бір Аллаға аян! Сондықтан Димекеңнің : "Қайтыс болғандар тірілердің көзін ашады"... дегені - жақындарымызды бағалайық, болмашы бір дүниелерге өкпе артып ата жауға айналмайық, уақыттың қадірін түсініп үйренейік БАУЫРЛАР. Әйтпесе қас қағым сәт, бүгін бар - ертең жоқсың..
Дастан Абдырахманұлы