№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сенім мен салтанаттың сара жолы

Сенім мен салтанаттың сара жолы

2019 жыл – біздің кең байтақ Отанымыз, оның ішінде өзіміз өсіп-өніп жатқан өңіріміз үшін де берекелі де, табысқа толы жыл болып, тарих парағынан тыныс тапты. Бұл жыл – қазақ жерін мекендеген бірнеше ұлт өкілдерінің бірлігі мен тұтастығына негізделген тұғырлы мемлекетімізде саяси жаңарулардың орын алуына, үкімет басшылығының табиғи заңдылық шеңберінде ат ауыстырып, арнасын айшықтауына, тамырын тереңге тартқан тарихи жерімізде бейбітшілік пен келісімнің баянды бола түсуінің  асқаралы алғышарттарына бұрынғыдан да бағдарлы бағыт түзеді


Енді осы жылы орын алған басты оқиғаларға тоқталып өтсек.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуға ниет еткен азаматтардан өткен жылы 2388 өтініш қабылданып, олардың ішінен 200 үміткер іріктелген. Ал ақтық кезеңде онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаз деп танылған 29 тұлға Елбасымен кездесу сәтінде жетістіктерін паш етті.
4 желтоқсан күні Қазақстан Респу­бликасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, қала жұртшылығымен кездесіп, облыс орталығының алдағы уақытта көркейіп, дами беретінін атап өтті. Тарихқа терең үңілетін болсақ, бұл -  қасиетті өңір, киелі жер. Жиырма бір хан жерленген, сұлтандар мен әулиелер мәңгілік тыныштық тапқан қасиетті орын енді  алдағы уақытта - жаңа дәуірде ірі мегаполиске айналады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында республикалық телеарналар арқылы мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттеріне ғана тән Қазақстан Халқына Үндеуін жариялады. Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдадым» деген мәлімдемесі миллиондаған қазақстандықтарды қатты толқытты.
Қазақстанның ата-бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздігін алған кезеңнен бастап 30 жылға жуық еліміздің ішкі-сыртқы саясатында асқан көрегенділігі мен  даналығынтанытып келген Елбасы бұл жолы да теңдессіз тарихи шешім қабылдады.
23 наурызда Астана қаласына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша Парламент талаптарының бірлескен отырысында Астананың атауын – Нұр-Сұлтан қаласына өзгерту туралы Заң қабылданды.
2019 жылы 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек – аз қамтылған азаматтарға және табыстары төмен деңгейдегі отбасыларға, оның ішінде көп балалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем жүйесі қалыптасты. Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққанда 21 мың теңгеден белгіленді.
2019 жылдың 9 маусымында Ел Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Сайлауы өтті. Сайлаушылардың белсенді дауыс беруі нәтижесінде Қасым-ЖомартТоқаев Президент болып сайланды.
«Ең алдымен,  маған зор сенім артып, қолдау көрсеткен барша Қазақстан халқына алғыс айтамын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде.
Бұл сайлау, шын мәнінде, демократия талаптарына сай өтті. Сайлау алдында нағыз ашық бәсекеге түсу мүмкіндігі болды. Саяси бағдарламалар сайысқа түскен әділ дода болды. Осы маңызды саяси бәсекеде біздің халқымыздың даналығы, парасаттылығы шынайы көрінісін дәлелдеді. 
2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа алғашқы Жолдауы жол тартты. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеу негізі» деп аталатын Жолдау ел тұрғындарының көкейінен берік орын алды.
Қызылорда облысының қатпарлы қазақ тарихында алатын орны ерекше. Тағдыр талайында  еріксіз бодандықтың қамытын киген, қол-аяғы бұғауда болған қазақ өктемшіл империя үшін «бұратана», «киргиз-кайсак» аталып келген еді. Ел ас танасы Орынбордан Ақмешіт-Қызылордаға ауысқанда, Алаш ардақтылары нақ осы аймақта 1925 жылы халыққа қазақ атауын қайтарып берген болатын. Қазақстанныың Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сыр – Алаштың анасы» деген қанатты сөзін мұндағы жұрт қастер тұтады.
Баян ҮСЕЙІНОВА

01 қаңтар 2020 ж. 673 0