№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бұл өмірде екі нәрседен қателеспеу керек деген ұғым бар. Бірі өмірлік мамандығын, екінші өмірлік серігін дұрыс таңдау әрбір азаматқа сын.

Бұл өмірде екі нәрседен қателеспеу керек деген ұғым бар. Бірі өмірлік мамандығын, екінші өмірлік серігін дұрыс таңдау әрбір азаматқа сын.

  Батылсыздық көбіне иесін тығырыққа тірейді. Әсіресе, ер-жігіттер енжарлықтың салдарынан нақты шешім қабылдай алмайтын салбөксеге айналып бара жатқандай. Бұл қазіргі қазақ қоғамының басты кемшілігі. Яғни, нақты шешім қабылдауда тәуекелшілдігіміз аз. Осы қасиеттің қадіріне жетіп, нар тәуекелге бойлай бермейміз. Тіпті, қарапайым қажетімізді сатып алу үшін де әке-шешемізден немесе айналадағылардан ақыл сұрап кететініміз бар. Сондықтан, бүгінгі тақырыпқа осы мәселені көтеруді жөн көрдік.

Мен жігіт, он бес-отыз арасында,
Бұл жаста көп бересі, аласым да.
Алдымда толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба?
 Бір кездері Сұлтанмахмұт Торайғыров та өстіп толғанған екен. Ақынды ойландырған осы бір сұрақ бәрімізді де айналып өтпейтіні анық. Мектеп бітірген соң белгілі оқу орнына түсіп, мамандық таңдауымыз керек. Одан соң кәсіп иесі атану, жар таңдау, қызметке тұру... Осы секілді маңызды қадамдардың бәрі де иесінің санасын санға, ойын онға бөледі. Осындайда дұрыс шешім қабылдай алу ер-азаматтың басты міндеті.
Бүгінде мектеп бітіруші түлектердің қандай мамандық таңдайтынын көбіне өздері емес ата-анасы шешеді. Әрине, ата-ана шешіміне қарсы шығу тәрбиесіздік болар, десе де, баланың таңдауын өз еркіне қалдырғаны дұрыс-ақ. Қазір де қалтасында екі дипломы бар жастардың қатары тым көп. Бірақ мамандығын сүймейді, сүймеген соң қиындығын жеңіп, игеріп те кете алмайды. Соңында өзі қалаған мамандыққа қайта түседі. Бұл өмірде екі нәрседен қателеспеу керек деген ұғым бар. Бірі өмірлік мамандығын, екінші өмірлік серігін дұрыс таңдау әрбір азаматқа сын.
Иә, қазір нарықтың заманы. Осыған сай, маман иесі атану өте маңызды. Әсіресе, техникалық сала бойынша таңдалған мамандар сұранысқа ие. Әсіресе, өндіріс ошақтарында жас мамандар тапшы. Дипломдылардың көбі экономист, юрист, бухгалтер, өнер саласының мамандары, бірақ сұраныс кемшін. Иә, әркімнің таңдауы әр бөлек. Десе де, заманауи салаларға көбірек мән берген дұрыс болар еді.
Мысал болсын, жыл басында аудан жастарының жиынына арнайы «Zhas Projekt» жобасының Қызылорда облысы бойынша координаторы Баян Егізбаева келіп, осы мәселе төңірегінде ой айтты. Оның ұлы аспазшы мамандығы бойынша жоғары білім алуда екен. Естігенде бәріміз таң қалдық. Алайда, бұл мамандық Еуропада, Азия, тіпті Латын Америка құрылығында сұранысы жоғары мамандықтар қатарында. Демек, біз қоғамға ескі көзқараспен қараудан аулақ болуымыз керек.
Кез келген шешімді қабылдау үшін уақыт керек. Және сол уақытты осы мақсатқа жұмсай білген жақсы. Бағзы замандарда ақылды қариялар шешім қабылау үшін жыраққа барып кең тыныстап, өз ішкі әлемімен сырласатын болған. Қазір өмірдің жылдамдығы соншалық, бір минут тоқтап тыныстауға уақыт жоқ. Ал уақытсыз шешім қыбалдау қиынға соғады. Болатын оқиғаларды алдын ала жоспарлаудың да маңызы зор. Сондықтан, тез шешім шығара білуіміз керек. Сонда ғана ер мінезділікті сақтап қала аламыз...
04 мамыр 2019 ж. 9 166 0