Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қазақ қызын, жігіттер, жылатпаңдар!..

Қазақ қызын, жігіттер, жылатпаңдар!..


Бір-ақ, күн бар, сондай-ақ, бір-ақ таң бар,
Сен, қазақсың, бойыңда бір-ақ қан бар,
Ей, жігіттер, шынымен Қазақ болсаң,
Қазақ қызын, ешқашан жылатпаңдар!

Мына заман - азғындар заманы емес,
Қанша қорқып, қашсаң да, қалады елес.
Қазақ қызы - ол сенің ар, ұятың,
Ар, Ұятын жоғалтқан - адам емес!

Сақ болған жөн, қандай да ырықтан бар,
Асығыстық дегенді - құлыптаңдар.
Сондықтан да жігіттер, не істесең де,
«Қыздың жолы – жіңішке», ұмытпаңдар!

Қате қадам - түбінде өкінерің,
Аяп қарар дейсіңдер, бетіңе кім?
Сен, қазақсың!
Сондықтан Қазақ қызын,
Қорғап, қолдап жүріңдер, өтінерім...

Байқаусызда сүрінтіп, құлатпаңдар,
Шын сүйдің бе, сүйгенге тұрақтаңдар.
Қазақ қызы - ол сенің ар, ұятың,
Қазақ қызын - ешқашан жылатпаңдар!!!

Жұмаш КЕНЕБАЙ,
27.01.2016 жыл.
03 желтоқсан 2019 ж. 1 109 0