№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тоқтар Серіков: Шырын мен Байзақовадан басқа қазақ қыздарының барлығын жақсы көремін

Тоқтар Серіков: Шырын мен Байзақовадан басқа қазақ қыздарының барлығын жақсы көремін

Тоқтар Серіков Шырын Нарчаева мен Айжан Байзақовадан басқа барша қазақ қыздарын жақсы көретінін, өзгеден қызғанатынын мәлімдеді. Әнші шоу-бизнесте жалаңаштанғанды ұнататын әріптестері жайлы да пікір білдірді.
Бұл туралы Stan.kz "Хабар" арнасының "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақтың қыздарының бәрін құрметтеймін. Омырауын ашқан Шырын мен Байзақовадан басқасының бәрін жақсы көремін, құрметтеймін. Себебі белгілі ғой. Оларды жақсы көріп, махаббат болып қалған ешкім жоқ шығар?!
Мен шындық үшін шырылдаймын. Маған Ерке туралы біреу бірдеңе айтса, мен оны көрген жоқпын, кеңірдегін жұлып алуға дейін барамын. Мен қазақтың әр қызын өз қарындасымдай жақсы көремін. Ол жалғандық емес. Мен қызғаншақпын. Қазақ қызы қытайға тұрмысқа шыққан кезде де, шырылдағаным сол үшін. Қазақ қыздарының бәрін қызғанамын. Қазақ қызы қазаққа тиюі тиіс. Тым болмағанда, мұсылманға тисінші деймін", - деп ағынан жарылды әнші.
Өнер иесінің пікірінше, Айжан мен Шырынның әрекеті "атың шықпаса, жер өрте" деген мақалға көбірек саяды. Бір өкініштісі, солардың дегеніне көніп, парақшасын ақтарып, танымалдылық сыйлайтын да өзіміз, деп өкінеді әнші.
"Жерді өртеп шығарған аттың не қажеті бар? Мен емес, Абай атамыз айтып кеткен. Шырын мен Байзақованың жасап жатқан тірлігі - таза жер өртеп, аттарын шығарып жатқандығы. Жұртты жинау. Біз өзіміз аңқаумыз. Соған кіріп кетіп, көреміз. Егер сол қыздың өзінде ар-ұят, намыс болмаса, Алладан берілген кішкентай иман болмаса, оған айттың не, айтпадың не? Бірақ қазақ елі үшін ұяламыз, намыстанамыз. Біреудің қызы шешініп, омырауын көрсетсе, қазақ үшін ұят нәрсе.
Маған кейде жекеме жазады: "Тоқтар мына қызды ұстап алып, бүйтсейші, сүйтсейші", - деп. Енді мен біреудің қызын ұстап алып, басын жұламын ба? Өзінде намыс болмаса, әкесі намыссыз болса, шешесі ұятсыз болса қайтемін? Олар тоқтата алмаған нәрсені, мен қалай тоқтатамын?" - деп ашынды әнші.
Бұдан бөлек, Серіков өнерде жалаңаштануға құмар әріптестері жайлы пікір білдірді. Әнші оларға талай мәрте ескерту айтамын деп жаманатты болып қалған. Тіпті, кейбірі түзу жолға бағыттамақ болған Серіковті "шал" деп мазақтауды әдетке айналдырыпты.
"Намыстанамын. Қазір қойдым. Бұрын Бейбіт ренжитін: - Тоқтар қызықсың, сенің туысың сияқты, анаған-мынаған ұрсасың, - деп. Сөйтсем олар мені "шал" деп жазатын болыпты. Мені 17-18 ғасырдың тұлғасы дейді екен", - деді әнші.

ДЕРЕККӨЗ: stan.kz
17 сәуір 2019 ж. 1 134 0