№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қылмыстық теріс қылық үшін жаза тағайындалды

Қылмыстық теріс қылық үшін жаза тағайындалды


5 қараша 2019 жылы Жаңақорған аудандық сотында ҚР ҚК 346 бабы 1 бөлігі бойынша  қылмыстық теріс қылық  туралы  іс қаралды.
Сотталушы Т. Жаңақорған аудандық сотының 17 шілде 2019 жылғы қаулысымен үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, 2019 жылдың 24-қазан күні сағат 22:30 шамасында  Жаңақорған ауданы Төменарық ауылының орталық көшесінің бойында «Ваз-21061» үлгісіндегі мемлекеттік белгісі N694 МЕМ автокөлігін алкогольді масаю күйінде басқарған.
Басты сот талқылауында сотталушы Т. кінәсін толығымен мойындады.
Оның кінәсі іс құжаттарымен де толық дәлелін тапты.
Сот үкімімен сотталушы Т. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 100 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
         
Ақпарат:Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
07 қараша 2019 ж. 953 0