№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жігіттерді мезі ететін қыз қылығы

Жігіттерді мезі ететін қыз қылығы

Жігіттер мен қыздар қауымы махаббат мәселесінде "сүйсем болды" дегенімен, бір-біріне іштей қоятын талаптары бар. Ол талаптар жағымды және жағымсыз қылықтардың тізіміне негізделеді. Олай болса, нағыз жігіттерге қыздар қауымының қандай қылықтары ұнамайтынын оқып көріңіздер.
Ақымақтық. 
Нағыз жігіт табиғатынан ақылды келеді. Оларға мықты да жігерлі, пысық та икемді болудың өзі аздық етеді. Дәл осындай қасиеттерді меңгерген ер адамдарға ақымақтығына мән бермейтін, білімді болудың не екенін түсінбейтін қыздар ұнамайды. Бұл қасиет қалай байқалады? Бірінші кезекте әңгімелесу кезінде тыңдаушының функциясын дұрыс атқара алмаудан, үнемі киімдер мен косметикалар жайында айтып, құрбыларымен кездесуден қолы босамайтындығынан көрінеді. Мұндай әрекеттерге кез келген жігіттің төзе бермейтіндігі дәлелденген.

"Мен барлық жігіттерді жек көремін". 
Өткен уақытта өткінші сезімге алданған қыздар қауымы осы сөзді жиі айтады. Алайда мұнымен қыздар нағыз жігіттерді үркітіп алуы мүмкін. Неге? Себебі ол осы уақытта жүріп жүрген жігітін бұрынғы ғашығымен салыстырумен болады. Оның қамқорлығына мысқылмен жауап қайтарып, сезімдердің сенімсіздікке құралуына жол береді.
Жеңілтектік. 

Мұндай қыздар алыс танысын көре салысымен бас салып, ескі таныстарындай сөйлесіп кетеді. Мойнына асылудан да тайынбайды. Сөз арасында көп күледі. Жігіттердің алғашқы қадамын күтпестен бірінші болып сезімдерін білдіруге құмар болып келеді. Бір сөзбен айтқанда ар-ұят мәселесін шетке ысырып қояды. Мұндай нәзік жандылардың жігіттер қауымына ұнай қоймасы анық.

Дүниеқоңыздық. 
Бұл қасиет жігіттер мен қыздар қауымына ортақ. Олар ақшаның жеңіл келуіне үйреніп, ысырапсыз жұмсайды. Барлығы да өзімдікі болса екен деп армандайды. Әрине, қыздардың тілектерін орындап, қалағанын алып бергенді жақсы көретін жігіттер де бар. Алайда нағыз жігіттерге ақшасына ғана қызығып үйленетін қыздар ұнамасы анық.

Өзі туралы айтылатын шексіз әңгімелер. 
Өзі туралы айта беру эгоизмнің жоғарғы сатысы болып табылады. Өзі туралы айтып отырып, өзгелермен көп санаса бермейтіндігін байқатады. Мұндай қыздар мәдениеттілік сақтап, сүйіктісіне сұрақ қойғанмен, жауабын күтпестен өзі туралы әңгімені жалғастырады. Әрбір жігіт сүйіктісінің өзі турасында ғана емес, өзгелерге де қамқорлық көрсеткенін қалайды. Өзімшілдікке негізделген сезімдер ұзаққа бармайды.

Шағым айту. 
Үнемі өмірге көңілі толмайтын, өмірінде ақшаның жетіспеушілігін айтып шағымдана беретін, тағдырдың әділетсіздігін баяндап отыратын қыздар жігіттерді мезі етеді. Шағымдана берудің өзі аурумен пара-пар. Шыдамы шексіз, барынша мәдениетті деген жігіттердің өзі мұндайды көтере бермейді.

Мұнымен қатар нағыз жігіттерге құрбыларына табынатын, олардың әрбір айтқан кеңестерін анализдеп жатпастан іске асыратын, болашақ өмірін бүге-шүгесіне дейін ойластырып қоятын қыздар ұнамайтындығын біліп жүріңіздер. Осы секілді көптеген мысалдарды келтіруге болады. Осы күндері нағыз жігітті жолықтырғыңыз келсе, ең алдымен оған лайық болуыңыз керектігін біліңіз.
04 қараша 2019 ж. 1 054 0