№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Кей адам ішімдік ішпей-ақ мас болуы мүмкін: Ғалымдар мұның себебін түсіндірді

Кей адам ішімдік ішпей-ақ мас болуы мүмкін: Ғалымдар мұның себебін түсіндірді

Қытай ғалымдары бір тамшы алкоголь ішпестен адам неге мас болатынын түсіндірді. Мамандар арнайы зерттеу жүргізді.
Мамандар бұл жағдайға Klebsiella пневмония ішек бактериясы себепші болуы мүмкін деп тапты. Ғалымдар бұл бактерияның сау адамның қанында алкоголь деңгейін жоғарылатынын анықтады.

Бейжің тұрғынының басында осындай жағдай болды. Ер адам тек тәтті алкогольсіз сусындарды ішеді, бірақ ол жиі мас болады. Оның бауырында қабыну пайда болған және ішімдік ішетіндердікі сияқты майы көп болған. Талдау көрсеткендей, қытайлық азаматтың қанындағы алкоголь екі сағат ішінде үш стакан шарап ішкендей күйде. Кейін оның себебі тәтті сусындарды ішкеннен екені белгілі болды.

Дәрігерлер K.pneumoniae түрлерінің ішек бактериялары деңгейінің 900 есе артқандығын анықтады.

Зерттеудің жетекші авторы Цзин Юаньның айтуынша, сарапшылар тобы K. pneumoniae бактериясының бауырдың майлануына әсерін дәлелдеу үшін кеміргіштерге эксперимент өткізді. Кеміргіштерге үш ай бойы осы бактерия бар тамақ беріліпті. Бірінші айдың соңында олар бауырдың алкогольсіз май ауруын дамыта бастады, екінші айдың аяғында - бауырда тыртықтар пайда болды. Оларға K. pneumoniae өлтіретін антибиотиктер беріле бастағанда, олардың жағдайы жақсарды.

Осыған қарамастан, кейбір адамдар ағзасындағы артық бактериялардың пайда болу себептері туралы сұрақ белгісіз күйінде қалып отыр. Қытай ғалымдары осы тақырып бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті.

stan.kz
27 қыркүйек 2019 ж. 517 0