Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІЛІМ САЛТАНАТ ҚҰРАДЫ

БІЛІМ САЛТАНАТ ҚҰРАДЫ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Қазақстан халқына Жолдауын асыға күт­кеннің бірімін. Себебі елдің жаңа бағдарын айқындауда Президент Жолдауы бағдаршам болатыны анық.

Парламенттің бірлескен отырысында елдегі қордаланған мәселелерді жан-жақты сараптап, әрбір салаға тың міндеттер жүктеді.
Соның ішінде білім беру саласына бағыттап, білім индустриясы жайлы айтқан дәйекті ойлары қуантты.
«Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек», деді ол.
Білім – капитал, байлықтың көзі десек, дарынды жастарды қолдау құптарлық жайт. Қазір қоғамнан өз орнын таба алмай жүрген дарынды жастар бар. Олардың потенциалын елдің дамуына пайдаланған жөн.
ХХІ ғасырда білім – басты құндылық. Бірақ құндылық қай уақытта құндылық ретінде танылады? Құндылық ретінде бағаланып, іске асырылғанда ғана. Жалпы құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Жолдауда осыны тануға болады.

Есенгелді ЕРЖІГІТОВ,
білім саласының ардагері

03 қыркүйек 2019 ж. 758 0