№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Шалғай ауылдар аман ба?

Шалғай ауылдар аман ба?


Тұңғыш Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Біз жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізудеміз» деп атап көрсеткен болатын.
Осы мақсатта апта ағымында аудан прокуратурасы бастап, аудан әкімдігі қостап барлық кент, ауылдық округ тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Шалғай ауылдағы бұқараның шағымын тыңдап, құқықтық кеңесін айтты. Топ құрамында аудан прокуроры Нұрболат Серікұлы, аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Жарқынбекұлы, аудан прокурорының орынбасары Ақжолтай Мұқалым, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев және әкімдік қызметкерлері болды.
– Ел аралаудағы мақсат – тұрғындардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғам мен ел мүддесін сақтау бағытында атқарылған шараларды насихаттау. Әрі ауыл тұрғындарының туындаған мәселелері бойынша құқықтық көмек пен түсіндірме жұмысын жүргізу болатын. Кездесулер барысында көптеген қордаланған шағымдар көтерілді. Барлығы да заң шеңберінде шешімін табатын болады. Мұндай құқықтық насихат жұмысының халыққа берері мол деп білеміз, – дейді аудан прокурорының орынбасары Ақжолтай Қадырәлі.
Шалқия кентінде болған кездесуде ауыл ақсақалы, жергілікті қауымдастықтың мүшесі С.Қалыбаев қос мәселені көтерді. Бірінші кезекте, Құттықожа ауылының жанынан берілген 30 га жер учаскесі жайылымдық жерден берілгенін айта келе, мал жайылымының көлемі тарылып бара жатқанын сауал етті. Екіншіден, «Жаңақорған-Құттықожа» автотрассасының Бірлік ауылдық округі жағынан алынған жер учаскелері өз мақсатында пайдалануын қадағалауды сұрады.
Өз кезегінде аудан прокуроры Нұрболат Дүйсенбаев пен аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков жер учаскелерін тек өз мақсатында ғана пайдалану керектігін айта келе, егер басқа мақсатта пайдаланса жергілікті қауымдастық арқылы тиісті орындарға шығу керектігін жеткізді.
Ал Қосүйеңкі ауылының тұрғыны Оразбек Палымбетов жұмыссыз жұбайын №161 орта мектепке жұмысқа тұрғыза алмай жүргенін мәселе етіп көтерді. Аудан прокурорының орынбасары Ақжолтай Мұқалым бұл мәселені өз бақылауына алып, жұмыс жасайтынын жеткізді.  Сондай-ақ ауыл тұрғыны Әбутәліп Бакиров ауылдық округте көптен бері шешімін таппай келе жатқан жер мәселесін шешіп беруді сұрады. Бұл сұраққа жауап берген аудан прокурорының орынбасары Ақжолтай Мұқалым аталмыш мәселені аудан прокуратурасына жазбаша түрде жазып беруді сұрады. Одан әрі жан-жақты тексеріп, заң аясында шешімін айтатынын жеткізді.
Осылайша  12-15 тамыз аралығында өткен аудандық прокуратураның халықпен кездесуінде мал ұрлығы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, отбасылық түсініспеушілік және жер учаскесіне қатысты сауалдар жиі көтерілді. Прокурорлар  тұрғындарға құқықтық кеңесін беріп, бірқатар қордаланған мәселелерді өз бақылауына алып, қадағалайтын болып тарқасты.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ                                              
18 тамыз 2019 ж. 758 0