Қазақстанда орташа жалақы 153,2 мың теңге болды
2018 жылдың бірінші тоқсанында республикадағы орташа айлық еңбекақы нақты көріністе 2,4% өсті. Бұл жөнінде бүгінгі үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында құрылыс жұмыстарының көлемі екі айлық төмендеуден кейін өсу траекториясына шықты. Құрылыстағы өсу 5,9% құрады. Тұтынушылық белсенділік пен сұраныстың аясында көрсетілген қызметтердің шығарылымы 3,6% өсті, сауда 6,2% өсті», - деді министр.Ұсынылған мәліметке сәйкес, құрылыс бойынша төмендеу Астана қаласында, Павлодар, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында байқалған.
«Бұл тұғын үй құрылысы және өнеркәсіптік объектілер, магистральдік газ құрбырлары бойынша жұмыстардың төмендеуіне байланысты болып отыр. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 8,1% төмендеген. Ең көп қысқару Алматы мен Астана қалаларында және Қызылорда облысында байқалып отыр. Инвестициялар бойынша теріс көрсеткіштер үш өңірде қалыптасты», - деген министр бұл тұрғын үй құрылысы және Павлодар мұнай-химия зауытының жаңғырту жұмыстарының аяқталуы төмендеуге себепші болып отырғанын айтты.Ұлттық экономика министрлігінің басшысы атап өткендей, ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша экономиканы кредиттеуде 1,6% өсу тіркелген және кредиттердің көлемі 12,5 трлн теңгені құрады.
«Еңбек нарығындағы жағдай орнықты болып қалуда. Ағымдағы жылғы наурызда жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды. Еңбекақының өсуі байқалып отыр. Ерекше атап өтетін жағдай, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық еңбекақы нақты көріністе 2,4% өсіп, 153,2 мың теңгені құрады», - деп түйіндеді Сүлейменов.Ақмарал Шағатай
Пікір 256