«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ – ӨРКЕНДЕУДІҢ ӨРКЕНИЕТТІ ЖОЛЫ

ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ – ӨРКЕНДЕУДІҢ ӨРКЕНИЕТТІ ЖОЛЫ

   Қызылорда ең қарқынды дамып келе жатқан облыстың бірі. Оған құрылыстың қарқыны мен ауылшаруашылығындағы тың бастамалар, өндірістің өресі мен кәсіпкерлік саласындағы серпінді жұмыстар дәлел.
Осындай тыңдырымды тірліктер жөнінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерге жан-жақты түсіндіріп, Сыр өңірінің перспективалы бастамаларын баяндады.
Сонымен, 9 айдың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қалай өрбіді?


  
   ХХІ ғасырда адами капитал – басты құндылық. Оған көңіл бөлмей дамудың жолын табу қиын. Осыны ескерген елдер жастардың сапалы білім алуына жағдай жасауда. Облыс әкімі жастарды қолдауға бағытталған осындай жұмыстарды көте­ріңкі көңіл-күймен жеткізді.
– Қызылорда облысы – 2014 жылдан бастап Ресей Федерациясы Үкіметінің гранты бойынша ресейлік техникалық жоғары оқу орындарында жүздеген түлектерін оқытуды ұйымдастыра алған жалғыз облыс. Мәскеу болат және қорытпалар институты мен Санкт-Петер­бург мемлекеттік технологиялық өсімдік полимерлері университетінде Ресей Федерациясы Үкіметінің гранты есебінен білім алу мүмкіндігіне ие болған 452 студенттің алғашқы 32-сі оқуын бітіріп, өңірге келіп, қызметке кірісті. Ал, 42 түлек магистратурада оқуын жалғастыруда. Биыл 58 сырбойылық түлек оқуға түсті. Осылайша, өңір мектептерінің 510 түлегі Мәскеу мен Санкт-Петербургтың жетекші жоғары мектептерінде білім алуда. Жалпы, 2017-2018 оқу жылы бі­тірген мектеп түлектерінің 97 проценті жоғары оқу орындары мен колледждерге түсті. Бұл бізге маргинал жастарға арналған әлеуметтік базаны айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі.
Енді өңірдің маңызды даму аспек­тілеріне ойысып, әлеуметтік-эконо­ми­калық бағыттағы жұмыстарға тоқ­талсақ.
– Соңғы бес-алты жылдың көлемінде мұнай өндіру көлемі төмендеуі (10-12 пайыз) үлкен проблемаға айналды. Республикада мұнай өндіру көлемі төмендеуінің 70 пайыздан астамы Қызылорда облысының үлесіне тиесілі. Яғни, осы уақытта 4,5 млн. тонна мұнай өндіру көлемін жоғалттық.
   Бұл дегеніңіз инвестиция, жұмыс орындары және осыған сәйкес бизнес болып табылады. Болжамдар бойынша үстіміздегі жылдың өзінде біз 600 мың тоннадан астам мұнайды кем өндіретін боламыз, – деді облыс әкімі.
Осындай жағдайларға қарамастан, 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыс соңғы төрт жыл ішінде бірінші рет ішкі жалпы аймақтық өнім бойынша оңды көрсеткішке қол жеткізді. Осы межені мұнай мен уран өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан биыл да ұстап қалатын мүмкіндік бар. Соңғы үш жыл ішінде өңдеуші өнеркәсіпке салынған не­гізгі капиталға инвестицияның көлемі екі есеге, еңбекпен қамтылғандардың саны 55 пайызға, еңбек өнімділігі 18 пайызға, өнімнің қосылған құн үлесі 34 пайызға ұлғайды.
Жалпы, экономиканы әртараптан­ды­ру және индустриялық-инновациялық өндіріс орындарын құру дамудың даңғыл жолына бастайтыны сөзсіз. Осы бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асуда. Мәселен, желтоқсан айында Қазақстан мен Орта Азияда баламасы жоқ там­понажды цемент зауыты пайдалануға беріледі. Биыл шыны зауытын пайда­лануға беру де жоспарланған еді. Алайда құрылтайшылар арасындағы туындаған мәселеге байланысты оны іске қосу 2019 жылдың жаз айында іске қосылады. Осы жобаның екінші кезеңі бойынша қы­тайлық компания күн панельдері және гаджеттерге арналған барынша нәзік шыны өндірісін жүзеге асыруды жоспарлады.
«Шалқия Цинк ЛТД» АҚ тау-кен байыту комбинатының құрылыс жұмыс­тары жүргізілетін аумақта «Уақыт кап­суласы» белгісі қойылды. 2019 жылдың өзінде калцийлендірілген сода өндірісіне арналған тұзды өңдеу зауы­тының құрылысы басталатын болады.
Келесі кезекте аймақ басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстарға тоқталды.
   Сыр өңірінде соңғы екі жылдың ішінде 106 кооператив құрылған. Оның ішінде, 2688 жеке қосалқы ша­руа­шылықты біріктірген 89 мал бағытындағы кооператив жұмыс жасауда. Соңғы жылдары күріштер рекордтық өнім­дер жинап, ауыл еңбеккерлерінің ме­рейі үстем болды. Бүгінде аймақ шаруа­шылықтары Моңғолия, Түркия, Ауғанстан нарығын игере бастады. Иран өндірісінің күріш сорттарын игеру қолға алынды.
   2016 жылдан бастап көптеген жыл­дардан бері тұңғыш рет бақша өнім­дерін экспортқа шығару қолға алынды. 2017 жылы көкөніс пен мал (Біріккен Араб Әмірлігі, Иран, Моңғолия, Өзбекстан), биыл Қытайға тұңғыш рет мақсары майы экспортталды.
Облыс сыртқа сапалы, бәсекелестікке қабі­летті дайын өнімдерді шығаруды міндеттеуде. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, бұл орайда ақылды техно­логияларды пай­дала­нудың маңызы зор. Алғашқы кезекте аймақта мал өсімін бақылау үшін «электрондық вете­ринария» жобасы жүзеге асырылып, авто­мат­тандырылған жылыжай құрылыстары жүр­гізі­летін болады.
   Аймақтың сыртқа шығаратын өнімдері кү­ріш, тұз және балық болып қала береді. Аталған салалардың экспортқа бағытталғаны экономиканың қозғаушы күші болып саналады. Егер 2013 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері салаға 1 млн. АҚШ долларынан астам қаржы салса, 2017 жылдың қорытындысы бойынша ол 15 млн. долларға жетті.
2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда оның өсімі 30 процентті құрады. Бұл – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржылық мүмкіндігі артқанының көрінісі. Демек, ауыл шаруашылығы экономикалық мәселе ғана емес, ол осы саламен айналысатын адамдардың саны өскенін айғақтап отыр.
Экономикадағы оңды ахуал соңғы екі жыл ішінде жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайыз деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл республиканың орташа көрсеткішінен біршама төмен. Соңғы жылдары экономикалық қиындықтарға қарамастан, кәсіпорындарда жұмысшы-қызметкерлерді жаппай қысқартуға жол берілмей, 68 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Олар негізінен өңдеуші өнеркәсіпті, агроөнеркәсіп секторын, тұрғын үй, коммуналдық инфрақұрылым құрылысын құрайды.
2018 жылдың басында облыста 97,5 мың өнімді емес өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар болатын. Олар алдағы екі жыл ішінде өнімді еңбекпен қамтылмақ. 2018 жылдың 9 айында облыста өнімді емес өзін-өзі жұмыспен қамтыған және тіркелмеген жұмыссыздар саны 62 мың адамды құраса, бұл көрсеткіш 36 мың адамға қысқарды. Осындай адамдармен жұмыс жүргізу үшін 2014 жылы аймақтық инвестициялық орталық құрылды. Ол елдегі жұмыссыз азаматтардың несие ресурстарына қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Инвестициялық орталыққа биылдың өзінде 1 млрд. теңге бөлінді. Оның шеңберінде шағын бизнестің 270 жобасы қаржыландырылып, 500 тұрақты орын құрылды.
Халықтың әлсіз тобының санын қысқарту үшін шағын және орта бизнесті дамытудың маңызы зор. Облыс әкімдігінің, мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы филиалының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық кеңестің біріккен шешімімен 2018-2020 жыл облыста «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылдары» бо­лып жарияланды. «Жол картасы» кешенді бағдарламасы қабылданып, үстіміздегі жылы оған 32 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр. Оның ішінде 3 млрд. теңгеден астамы стартап жобаларға бағытталған.
Жүйелі шараларды қабылдау нәтижесінде облыста жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысан­дарының саны соңғы жылы 11 пайызға артты. Бұл – республика бойынша жоғары көр­сеткіш­тердің бірі.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауы барысында облыс әкімінің тұрғын үй құрылысы бағытындағы тәжірибесін Үкімет тарапынан басқа облыстарға да таратуды ұсынғаны есімізде.
Расында, Қызылордада құрылыс қарқынды жүруде. Мәселен, 2013-2017 жылы Қызылорда қаласында 12 ықшамаудан бой көтерді. Сырдың сол жағалауын игеру басталды.
   Айта кетейік, 2013 жылдан бастап қолға алынған аймақтағы апатты жағдайдағы кезекте тұрған үй иелерінің мәселесі 2017 жылы оң шешімін тапты. Бүгінгі таңда облыс бойынша апатты жағдайдағы үйлердің орнына 645 отбасы үшін жаңа жайлы баспана салынды.
Бүгінде облыс аумағында 1747 пәтерлік тағы 69 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Кемінде 55 тұрғын үй биыл іске қосылады, олардың қатарында Сырдарияның сол жағалауындағы 14 көппәтерлі тұрғын үйден құралатын тұтас шағын ауданды пайдалануға беру жоспарланып отыр.
   Сонымен қатар соңғы 3 жылда жеке тұрғын үй құрылысы (ИЖС) шеңберінде 24 мыңнан астам жер учаскесі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде тек 2017 жылдың өзінде тұрғындарды баспанамен қамту 17 пайызға жуық, ал, 2018 жылдың 9 айында тағы 4 пайызға өсті.
   Сонымен қатар өңірде сумен қамтамасыз ету және газбен жабдықтау мәселелері шешімін табуда. Қазіргі таңда аймақ халқының 95 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген және 63 пайызы табиғи газды тұтынады. Өткен жылы Қызылорда қаласының және 7 аудан орталығының 4-і газдандырылды. 2017 жылы Байқоңыр қаласына газ берілді. Биыл қалған үш аудан орталығына, атап айтқанда, Қармақшы, Сырдария және Жалағаш аудандарына газ жеткізілетін болады. Ал 2019 жылы елді мекендердегі газ желісінің құрылысы жүргізіледі. Сонымен, 2020 жылға қарай тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейін 95 пайызға жеткізу міндеті қойылып отыр.
Әлем цифрланып, өркендеудің өрісін кеңейтті. Ендеше, маңызды салаларды онлайн-қызметпен қамтамасыз ету басты басымдықтың бірі. Осы мақсатта облыста 37 жобаның тізбесі құрылды (қауіпсіздік, бизнес, АӨК, денсаулық сақтау, көлік және құрылыс, қалалық ТКШ және білім беру, мәдениет басқармасы бойынша). Цифрландыру процесін қарқынды дамыту үшін облыстық цифрлық технологиялар басқармасы құрылды.
   Бір сөзбен айтқанда, «Қызылорданың қазіргі жағдайынан-ақ Қазақстанның қаншалықты қар­қынды дамығанын көруге болады». Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы сөзінен өңірдің өркенді өрісін аңғарасыз...
Әрине, мұндай серпінді жұмыстардан Сыр өңірінің серпілісіне үлес қосып жатқан Жаңа­қорған ауданын да көруге болады...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

10 қараша 2018 ж. 1 041 2

Гость Jeahulalf от 22 ақпан 2019 05:06
Magnesium online cialis Levitra Generique Avis Priligy Farmacias Ecuador

Гость Jeahulalf от 11 наурыз 2019 18:23
Can Cephalexin Treat Trichomoniasis http://xzanax.com Kamagra Oral Jelly Erfahrung Usa Viagra Brand Ship 2 3 Days