№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ШАЛҚИЯНЫҢ» ШАРУАСЫН КОМБИНАТ КЕҢЕЙТЕДІ

«ШАЛҚИЯНЫҢ» ШАРУАСЫН КОМБИНАТ КЕҢЕЙТЕДІ


Металлургия – өңір экономикасының негізгі тірегіне айналып, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз маңызды рөл алады. Бүгінде осы бағытта мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Оның айғағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы қатты жер асты қазба байлықтарын пайдалану және геология таукен-металлургия саласының Кеңесінде «Қызылорда облысында тау-металлургия кешенінің дамуының Жол картасы» мақұлданды.
«Жол картасының» алғашқы кезеңінен бастап бірнеше ірі жобалардың іске асуы қарастырылған. Атап айтқанда, Жаңақорған ауданындағы Шалқия кенішін кеңейту және Шалқия қорғасын-мырыш кен орнында жылына 4 миллион тонналық кен байыту комбинатын салынады. Бұл – «Шалқияның» шаруасын комбинат кеңейтіп, бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Жалпы, комбинаттың құрылысы аяқталған соң өндіріс объектісінде 1500 жаңа жұмыс орны пайда болады деп күтілуде.
Жобаны іске асуы метал мырышы мен қорғасын коксын алуға және қорғасын шығаруды 55 пайызға дейін көтеруге мүмкіндік береді.
Әрине, бұл жоспарларды жоғары деңгейдегі кәсіби мамандарсыз іске асыру мүмкін емес. Металлургиялық кластерді дамытып, өркендету оңай шаруа емес екендігі белгілі. Бірақ бұл бастаманың іске асатынынына дәл қазір ешкандай күмән жоқ.
Өйткені өндіріс мәселелерін жоғарғы деңгейде шешетін кәсіби мамандар бар. Бұған Шалқия кен орнына барып, осында жұмыс жасайтын жерлестермен кездескенде көзім жетті.
Тұрсынбек Мұсаев, Бағдат Мамадиев пен Жұмадулла Балтаев аудан тумалары. Олар кеніште тау-кен учаскесінің жер асты машиналарының жүргізушілері болып жұмыс істейді. Кәсіпорынның бас инженері Искандер Арзуметовпен әңгімелесу барысында, аталған жігіттер кеніштің ең тәжірибелі жұмысшылары екенін және оларға қарап бүкіл ұжым бой түзейтіндігін айтты.
Олардың кәсіби шеберліктерінің арқасында жүк тиеу машиналарына техникалық қызмет жоғарғы деңгейде жасалады екен. Осындай жауапкершіліктің арқасында жалпы механизмдердің тоқтап қалуы азайғанын айтқан жөн.
Бұл әрине өндіріс өнімділігің жоғарлауына септігі мол. Тәжиірбелі мамандар, сонымен қатар ұжымдағы жұмысқа жаңадан келгендердің тәлімгерлері. Олардың қорында өндіріске еңген ондаған рационализаторлық ұсыныстар бар.
Бағлан Теміровті шалқиялықтардың орта буынына жатқызуға болады. Биыл ол 35 жасқа толды. Бағлан бұрғы және жару жұмыстары бөлімінде жарушы болып жұмыс жасайды. Бұл нақтылықты және батылдықты талап ететін өте жауапты жұмыс. Аталмыш қасиеттердің барлығы Бағланның бойында бар, сондықтан ол алдына қойылған міндеттерді жақсы орындайды.
Жас буыннан ішкі тасымал және жүк көтеру бөлімінің жол бойы жұмысшысы Жасұлан Үсеровпен де әңгімелесудің сәті түсті. Жастығына қарамастан өзін білікті маман ретінде көрсете білген азамат:
– Кеніштің жұмысы қайта жанданғанына қуаныштымыз. Басқа қалаларға көшіп кеткен шалқиялықтар қазір үйлеріне қайта оралып, кен орнына жұмысқа орналасып жатыр, – деді.
Жақын арада Шалқия кенішінде тау-байыту комбинатының негізі қаланып, сол жерде жұмыс жасайтын боламыз, сондықтан кәсіби деңгейімізді көтеріп, жаңа мамандықтарды меңгеруіміз тиіс деген Жасұланның ойынан оптимизм мен болашаққа деген сенімді байқадым. Әрине, бұл – қуанарлық жағдай...

Мақсұт ИБРАШЕВ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
11 қыркүйек 2018 ж. 909 0