Өңдеу өнеркәсібі өркендей ме?

«Қазір 1,1 трлн теңгеден астам сомаға өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру пысықталуда. Қазақстан Даму банкінде ірі жобаларды іске асыруға қажеттілік 183 млрд теңгеден астам соманы құрайды. «Өнеркәсіпті дамыту қорына» орта және шағын жобаларды іске асыруға 800 млрд теңге қажет. Соның ішінде биыл шағын бизнес тарапынан ерекше сұранысқа ие шағын өнеркәсіптік аймақтарды қаржыландыруға шамамен 100 млрд теңгеге қажеттілік қалыптасты», деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағасбаев.
Аталған шаралар өнеркәсіптің өсуіне, жаңа жұмыс орындарын құруға және экономика салаларының дамуына мүмкіндік береді. Қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға біздің ауданның қолжетімділігі бар. Яғни, шикізат бізде жеткілікті, мәселен, қойдың жүні мен төрт түліктің терісінің қоры мол. Сол секілді, бізде бір емес екі бірдей қатты қалдықтарды қабылдайтын арнайы кәсіпкерлер бар. Сол секілді, басқа да тұрмыстық тауарлардың қалдық түрлері жетерлік.